Құрметті отандастар!
«Нұр Отан» партиясы Алматыда террористердің қолынан қаза тапқан құрбандардың туғандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Мемлекет басшысы елді дүрліктірген қанды оқиғаға орай Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. Онда Елбасы Алматыда және бүкіл еліміз бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Президент қазіргі таңда «қауесет таратушылардың жолын кесіп, арандатушыларды анықтау маңызды» екенін атап өтті. Партиямыздың Төрағасы: «Тәртіпті ретке келтіру үшін ең қатаң шаралар қабылданып жатқанына халық сенімді болуға тиіс», – деді.
Мемлекет басшысының мәлімдемесін толығымен қолдай отырып, біз адамгершіліктен ада осынау террорлық актіні жасаған қандықол қылмыскерлер барша Қазақстан халқына қарсы шықты деп санаймыз.
Террористер қатаң жазалануы тиіс.
Олар біздің біртұтас қоғамға қауіп төндіріп, үрей туғызуды көздеді. Бірақ, лаңкестердің бұл әрекеттерінен түк те шыққан жоқ.
Алматыдағы қайғылы оқиға қазақстандықтарды одан әрі біріктіре түсті. Бірлік, бейбітшілік және тұрақтылық – біздің еліміздің басты құндылықтары. Бұл қасиетті ұғымдарға ешкімнің сызат түсіруіне құқы жоқ.
Қарапайым халықтың қауіпсіздігі үшін өздерін құрбан еткен антына адал полиция қызметкерлері – Қазақстанның нағыз батырлары. Олардың ерлік әрекеттері өжеттілік пен ержүректіліктің және Отаны мен туған халқына адал қызмет етудің жарқын үлгісі болып қала береді.
Қазақстан халқы лаңкестікке жойқын тойтарыс береді.
Бұл қылмыскерлердің өздерін мұсылманбыз деп атауға еш құқы жоқ. Өйткені, олар адам өлтіріп, ең ауыр күнәні арқалады. Олардың қанқұйлы әрекеттері ешқандай ақтап алуға келмейді және ол мүмкін де емес.
«Нұр Отан» партиясы барлық қазақстандықтарды терроризмге қарсы бірігуге шақырады. Қазақстан халқы еліміздегі бұл қасіреттің тамырына тек бірлік пен біртұтастық арқылы балта шаба алады.
Қазіргідей қиын жағдайда азаматтарымыздың қайғыны бөлісіп, ынтымақ пен татулық танытуы – соның айқын дәлелі.
• 19 Шілде, 2016
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммедтің 2016 жылы 18 шілдедегі Алматыда болған қайғылы оқиғаға қатысты Үндеуі

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46