Қасиетті қазақ даласының кіндігі саналатын Астананың тап қасындағы ұлы Алаш тас жолының бойында орналасқан осы ауыл – көңілге жылылық сезімін ұялатқан тамаша бір құтты қоныс. Алайда, көңілге қаяу түсіретін кейбір жағдайларға байланысты қолға қалам алған жайымыз бар.
Тәуелсіз ел болғанымызға 25 жыл толып, ел жүрегінің іргесіне қоныс тепсек те әлі күнге дейін ауылымыздың «Софиевка» деген кірме, әрі ешбір мағынасыз атының қазақшаға өзгермеуі қатты алаңдатады. Кезінде осы өңірде кеңшар тұрғындарына арақ сатқан София деген кемпір болған екен. Кейін бүкіл ауыл сол пенденің атымен аталып, күні бүгінге дейін ішімдік сатқан қайдағы біреудің аруағын жаңғыртып тұруы – естір құлақ пен көрер көзге тым ұят. Бізден басқа, Астана шетіндегі Қабанбай, Қажымұқан, Бозайғыр, Талапкер, Жібек Жолы атты ауылдар бұрынғы советтік ұраншыл да жайдақ атауларын сырып тастап, өздерінің қазақша әдемі аттарын баяғыда-ақ алып алған. Тек Софиевка деп сорлап тұрған осы біздің ауыл ғана.
Ауыл атын қазақшаға өзгерту мәселесін біраз күннің алдында ауылдасымыз, филология ғылымдарының магистранты, айтыскер ақын Азамат Мәлжанбайұлы бастаған белсенді топ көтерген болатын. Әлеуметтік желі арқылы таралған осы ұсыныс көпшіліктің қолдауына ие болып, ауыл тұрғындары арасында қызу талқыланып, міне, бүгін біздің де құлағымызға жетті. Біз, ауыл ақсақалдары, бұл іске бейжай қарай алмадық, ауылдағы беделді ел ағалары мен белсенді топ мүшелері және басқа да ілкімді азаматтар мен жастардың басын қосып, бұл мәселені кең көлемде талқыладық. Жиналыс барысында ауылға мағыналы да әдемі атау қоятын уақыт жеткендігін жұрттың бәрі тілге тиек етті. Біз бұл ұсынысты қолдай отырып, халықтың ұсынған Қойайырған, Кененбай, Сарыбұлақ, Орда, Береке, Тәуелсіздік, Алаш, Қайрат, Болашақ, т.б. атауларды бірге саралап ақылдастық. Олардың ішінен Алаш және Береке деп атайық деген екі ұсыныс іріктеліп алынып, жұрт талқысына көбірек түсті. Ең соңында бәріміз бірауыздан келісіп, заманауи әрі мағыналы, рухты ат болсын деген шешімге келдік. Алла қаласа, ауылымыздың атын Алаш ауылы деп өзгертейік деп шештік. Бұдан басқа ат енді талқыланбайды.
Ал енді «Алаш» деген атқа тоқтауымыздың себептеріне келейік. Біріншіден, бұл өңірді Алла тағала әлмисақтан киелі Алаш елінің бір бөлшегі етіп жаратқан. Екіншіден, Алаш тас жолының бойына, алты алаштың қара шаңырағы саналатын Астананың іргесінде орналасқан ауыл. Үшіншіден, «Ұраным – Алаш, керегем – ағаш...» дейтін дана халықтың ұрпағымыз. Оның үстіне, жан-жақтан көшіп келіп, алты алаштың ұрпақтары бас қосқан ауыл. Және ауылдың бұлай аталуы Қазақ елінің тарихына өлшеусіз үлес қосқан Алаш арыстарына деген құрметті білдіріп тұрар еді.
Ауыл атынан болашақ жас ұрпақ өткенін танып, ұлт тарихы мен келешегін бағдарлайды, бағамдайды. Жастардың туған жер мен туған елге деген патриоттық сезімі оянады. (Қайда тудың? Қайдан келесің? Алашта тудым. Алаштан келем – десе қандай керемет! Құлаққа да жағымды әрі рухты естіледі).
Ауыл атауы үшін нағыз күрес енді басталды. Тиісті орындардан, елім деген есті азаматтардан, мәслихат пен әкімдіктен түсіністік, көпшіліктен қолдау күтеміз. Осы ақ тілегіміз орындалса ақ түйенің қарны жарылып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына толымды тартуымыз болар еді-ау деп үміттенеміз.
Тілеулес ЖАРБОЛОВ,
ауылдың Ақсақалдар алқасының төрағасы,
Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі, 45 жыл өтілі бар қарт ұстаз
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46