Фото: facebook.com[/caption]
Биатлоннан Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы, норвег Уле-Эйнар Бьорндален мен Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, белорус Дарья Домрачева үйленді.
Екеуі 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен қысқы Олимпиялық ойындарда танысқан екен. Бұған дейін Бьорндален бір рет үйленген болатын. Ол 2006 жылы итальян биатлоншысы Натали Сантерге үйленіп, 2012 жылы жұбы жараспай ажырасып кеткен. Ал Домрачеваға үйленгісі келетіні туралы ол жақында айтқан. Осы жылдың сәуір айында facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында белорус қызының өзінен бала күтіп отырғанын хабарлаған.
Бьорндален facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында беларус биатлонисіне үйленгені туралы сүйінші сұрап, екеуінің фотосын салып қойыпты. Онда астына «Қандай тамаша күн!» деген қолтаңбасын қалдыруды да ұмытпапты.
Норвег спортшысы Олимпиада тарихындағы ең медаль алған биатлоншы. Ал Домрачева қысқы Ойындарда ең көп жүлде жеңіп алған спортшы. 2014 жылы Сочи Олимпиадасында ол үш жарыста чемпион атанды. Осы жеңісі үшін оған «Беларусь батыры» деген атақ берілді. 2004 жылға дейін Дарья Домрачева Ресей азаматы болған.
Дастан КЕНЖАЛИН

Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01