Фото: ccaa.elpais.com[/caption]
Испанияның Барселона қаласының солтүстігінде 90 гектар орман отқа оранды. Осыдан екі күн бұрын шыққан қызыл жалынды толығымен сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр. Мәліметтерге қарағанда, тілсіз жауды сөндіру үшін 30 өрт сөндіруші, 8 тікұшақ жұмылдырылған.
Қазіргі таңда Сант-Фелиу Сассерра әкімшілік аймағында өрт сөндірілді. Мамандар ендігі кезекте іргелес жатқан орман өртін сөндірумен айналысуда.
«Қызыл жалынды ауыздықтау үшін барын жасап жатырмыз. Алапат өрт біз ойлағаннан да күшті болып тұр. Осы қарқынынан таймаса, орманға келетін шығын ауқымды болайын деп тұр», – деді өрт сөндіру қызметінің өкілі Жорди Мас.
Айта кетейік, 18 шілде күні бір уақытта шыққан алты бірдей өрттен Барселона, Лерида, Жирона, Таррагона қалаларының маңындағы орман алқабына зардабын тигізген. ccaa.elpais.com ақпарына сәйкес, шағын елді мекендердің тұрғындары баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған.
Қызыл жалынның неден пайда болғаны белгісіз. Алайда, билік күн райының шамадан тыс ыстық болуынан әрі жаңбыр жаумағанының салдарынан деп хабарлады.
Аян ӘБДУӘЛИ

Арыста ағайындылар ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген
Есірткі • Бүгін, 11:00
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Футбол • Бүгін, 10:50
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Футбол • Бүгін, 10:45
Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:33
Қоғам • Бүгін, 10:32
Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі: Экономикалық логика және жеке капиталдың рөлі
Экономика • Бүгін, 10:25
Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті
Экономика • Бүгін, 10:20
Жұбайын «Парламент атынан» құттықтаған Мәжіліс депутаты көпшіліктің сынына ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:14
Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16