Фото: Қазақстан бокс федерациясы[/caption]
Сербияда бокстан өткен халықаралық Golden Glove of Vojvodina турнирінде Қазақстан былғары қолғап шеберлері 10 алтын медаль жеңіп алды. Еліміздің жастар құрама командасы 10 салмақтың бәрінде қарсыластарын тізе бүктіріп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Турнирге барлығы 10 елдің боксшылары қатысты.
Қазақстан құрамасында ерлерден Евгений Павлов (49 кг), Оразбек Асылқұлов (52 кг), Әл-Мұхаммед Махмұд (56 кг), Санатәлі Толтаев (60 кг), Садриддин Ахмедов (69 кг), Нұрлан Сабыров (81 кг), Мұхамеджан Тайбағар (91 кг) бірінші орынды иеленсе, қыздар арасында өткен сында Ақниет Әбдіқожа (54 кг), Владислава Кухта (60 кг) мен Надира Маратова (+81 кг) жеңімпаз атанды.
- Боксшылардың жекпе-жектерін көңілден шықты. Бұл жарыс биыл қараша айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жастар арасында өтетін әлем чемпионатына дайындық деп қарастыруға болады. Турнирден алар сабағымыз да көп болды. Енді тамыз айныда Германияда өтетін тағы бір халықаралық турнирге қатысамыз. Қазір біздің командада бәсекелестік өте күшті. Сондықтан барлығы жеңіске жетуге бар күш-жігерін салып жатыр. Күзге дейін әлі уақыт бар. Сол кезде біз әлем чемпионатына қатысатын боксшыларды іріктеп аламыз. Бүгінде Ресей мен Куба елінің былғары қолғап иелері жақсы бокстасып жүр. Олар жыл өткен сайын күшейіп, қарсыластарына дес бермей келеді. Біздің құрама команда да осал деп айта алмаймын. Дегенмен өзің мықты болғың келсе тек боксы дамыған елдермен ғана күш сынасу керек. Соңғы кездері Марокконың құрамасы туралы жиі айтылып жүр. Бокста осындай көзге көрінбей жүріп, шаршы алаңд тосынсый жасайтын елдер де болады. Африка елін солардың қатарына жатқызар едім. Демек, Қазақстан құрамасына барлығына дайын болып, "белдікті" тартып жүру керек. Ал әзірге командамыздың жекпе-жектері көңілден шығады, – дейді жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев.
Дастан КЕНЖАЛИН
• 26 Шілде, 2016
Қазақстан боксшылары Сербияда 10 алтын медаль жеңіп алды

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19