«ЮНЕСКО клубтары шығармашылық академиясының» жобасы болашаққа жол тартты
Осынау бірегей жобаны жақын күндерде екі апта бойы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорымен және Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесе отырып ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы өмірге келтіріп, тұсауын кесті. Жоба жастарды тағаттылық рухында тәрбиелеу және мемлекеттің болашақтағы шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында дарынды өскелең ұрпақты дамытуға әмбе қолдауға бағытталған.
12-17 жас аралығындағы 100 дарынды бала көркемсурет, музыка, би және ән өнерлері аталымдары бойынша алдын ала конкурстық іріктеуден өтті, олар екі апталық жедел оқу бағдарламасын игерді. Екі негізгі тұғыр-тиянақ – оқыту мен дамытуға негізделген бағдарламаға өнер саласындағы жетекші мамандардың кәсіби сабақтарынан бөлек, көшбасшылық әлеуетті дамыту, жаһандық азаматтық пен «әлем мәдениетін» қалыптастыру жөніндегі тренингтер мен шеберлік сыныптары енгізілген. Сондай-ақ, бағдарлама аясында балалар елорданың көрікті жерлері мен Қазақстанның сұлу табиғатының символындай «Бурабай» ұлттық паркіне саяхат жасап, тамашалады.
«Астана Операның» камералық залында болған жеңімпаздардың кең көлемді гала-концертіне көрермен қауым мол жиналды. Жоба қорытындысында орындалған жан толқытар ғажап шығармалар, көңілді шаттандырар жарқын ырғақтар, құйқылжыған әсем билер, көз жауын алар көркем картиналар мен мүсіндер – міне, еліміздің мәртебелі мэтрлері мен өнер қайраткерлері сексен сағаттық қажырлы еңбекпен мүсіндеп шыққан нәтиже осындай.
Аталмыш бастаманың өзіне тән ерекше әлеуметтік сипатын атап өткен жөн. Ол мүлдем ақысыз, тегін негізде ұйымдастырылды. Конкурсқа қатысу үшін керектісі – бар болғаны Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының біріне мүшелік, дарын және одан арғы дамуға деген ынта. ЮНЕСКО клубтары Қазақстан ұлттық федерациясы президенті былайша ой қорытады: «Бірінші «ЮНЕСКО клубтары шығармашылық академиясының» студенті болу құқығын алу конкурсына барлығы 500-ден астам үміткер қатысты. Әлбетте, балалардың академия қабырғасында алған баға жеткісіз тәжірибесі мен білімі олардың жан-жүрегінде өшпес әсер қалдырары сөзсіз, ал енді біреулерінің күллі тағдырын да өзгертіп жібермек. Біз жобаның дәстүрге айналып, жыл сайын бұдан да көп балаларды қамтитынына, олардың болашақ өміріне жолдама беретініне кәміл сенімдіміз».
Назар ҚАСЫМ

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше