Байырғы Қазталов ауылы сан ұлттардың тату-тәтті мекені болып келді. Осыдан жарты ғасыр бұрын аудан орталығында түрлі ұлт өкілдері тұрды. Иә, қазіргі күнде түрлі себептермен бұл ұлт өкілдерінің пайыздық көрсеткіштері төмендегені шындық. Дегенмен, қазақ болып кеткен басқа ұлттың өкілдері бақуатты өмір сүруде. Соның бірі – Валентина Уварова апамыз. Қазақша сөйлеп кеткенде шүлдірлеп сөйлейтін шала қазақтарды орта жолда қалдыратын апамызды ауыл тік тұрып құрметтейді десек, артық емес. Тіпті, апамыз ауылда ата-анасынан айырылған қазақ балаларына өкіл ана болып, оларды ер жеткізгенін де білеміз. Сол балалар бүгінде бір-бір шаңырақ иелері. Валя апамыздың 80 жастық тойының бел ортасында жүрді. Міне, бұл бауырмалдық, ұлы достық деуге болады.
Ендігі айтпағымыз, апамыздың ұл-қыздары сонау Ресейдің орталықтарында тұрып жатыр. Бірақ олар жыл сайын өздерінің кіндік қаны тамған жерге келіп, бір аунап кетеді. Тек өздері ғана келіп қоймайды, балаларын да ертіп келеді. Соның айғағындай, жақында Валя апаның Иваново қаласынан қызы Надежда, Түмен қаласынан келіні Елена ұл-қыздарымен келіп, үлкен шаңырақты қуантып тастады. Ал олар шаңырақта ғана болып қоймай, рухани орталық – кітапханаға келуді де жыл сайын дәстүрге айналдыруда. Кітапхананың балалар бөліміне келіп, бүлдіршіндері Виктория мен Дениске қазақ тіліндегі кітаптарды оқытып, таныстырды.
«Мына үшінші сыныпқа көшкен қызым Виктория мен ағамның ұлы Дениске және жеңгем Еленаға біздің кіндік қанымыз тамған туған жерді таныстыруды көздесем, екінші жағынан, қазақ деген дархан да кеңпейіл халықтың бай тілін, әдет-ғұрпын білгізу тағы бір мақсатым. Өйткені, жолдасым да Қазталов ауылында туып-өскендіктен, екеуміз қазақ тілін жақсы білсек те, балаларымыз бұдан бейхабар ғой.
Келгеннен бері Елена, Денис, Виктория да қазақтың кейбір сөздерін үйреніп қалды. Ал үйде анамыз Валя қонаққа келген немере-жиендеріне қазақша сөздер айтып қала береді. Үйреніп қалған дағды ғой» деп Надежда бір күліп қойды.
Кітапханада Денис пен Виктория бар ынталарымен кітапханашы апаларынан қазақ тіліндегі кітаптарды алып, мазмұнын қызыға сұрап жатқанын байқадық.
Осындай көріністі көргенде достықтың тіні жалғаса беретініне көзіміз жетті.
Әсем БОЛАТ
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше