Шумахердің қасында Алдар көсеңіз аузын ашып айдалада қалады екен. Алдары бар болғыр ауыл арасындағы бірен-саран байларды алдап соғып, тапқан-таянғанын кедей-кепшікке үлестіріп береді ғой. Ал Шумахеріңіздің анау-мынау емес, тұтастай бір өңірді тақырға отырғызатындай мүмкіндігі бар. Кімнің амалы күшті екенін төмендегі жайттан өзіңіз-ақ пайымдай беріңіз. Алдар ма, әлде Шумахер ме?!
Әлқисса, Германияның азаматы болып табылатын Роберт Шумахер мырза «Ақ Құлын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қожайындарының бірі ретінде осыдан бірнеше жыл бұрын Ақмола облысы Қорғалжын ауданының аумағынан ірі көлемдегі жер телімін ресімдейді. «Ақ Құлын» компаниясының 2012 жылы дабылы жер жарғаны бар. Жер жарғаны сол, ауқымды алқапта ұзындығы 67 шақырымға созылған ор қазылды. Сондағысы, жайылымға басқалардың, яғни жергілікті халықтың мал тұяғын бастырмау. Жер дауы басталды дейсің осыдан кейін. Қара жерді қазғаны өз алдына, техниканың табаны зираттарды да қиратып ала жөнелді. Құқық қорғау органдары аталған мәселеге байланысты іс қозғады да. Қазылған мәйіттерден шығарылған сүйектер сараптамаға да жіберілген. Қысқасы, ойына келгенін істеп, ойнақшыған «Ақ Құлын» қара халықтың ырысын иемденіп қана қоймай, ата-бабаларының да аруағын мазалап, сүйектерін сыртқа сүйретіп тастағаны халықты қатты қынжылтты.
Роберт Шумахер мырза әу баста аты дардай «КазГерСтрой» БК» ЖШС құрылыс холдингі құрылтайшыларының бірі болыпты. Аты айқайлап тұрған соң, салған қаржысы да қомақты шығар деп ойлап қалуыңыз кәдік. Өйткені, шетелдік инвестордың қомақты инвестиция құйғаны өз алдына, тапсырыстарды жүзеге асыратын техникаларды сатып алады емес пе? Қай-дағы?!
Сөйтсе, 2004 жылы құрылған «КазГерСтрой» БК» ЖШС-тың жарғылық капиталы 99 мың теңге ғана болып шықты. Роберт Шумахер құрылтайшылардың бірі ретінде өзінің 33,3 пайыз мөлшеріндегі үлесіне сәйкес, жарғылық капиталға 33 мың теңге құяды. 33 мың теңге! Бүгінгі күні компанияның жарғылық капиталы 444 мың теңгені құраса, Роберт Шумахердің үлесі сол баяғысынша – 33 пайыз! Бұл туралы «Время» газеті (26.07.2016) жеріне жеткізе жазды да.
Бәрін айт та бірін айт, компаниядан түсетін пайданы айтсаңшы. Компанияның айналымы жыл сайын өсіп, құрылтайшылар қомақты дивиденттерді алып отырғаны өз алдына бір әңгіме. Әрине, бас директор ретінде Роберт Шумахер қомақты жалақы алатыны сөзсіз. «КазГерСтрой» БК» ЖШС жұмыс істегелі бері германиялық бизнесменнің есепшотына 1 миллиард 117 миллион теңге аударылыпты. Инвестор емес, Қазақстанның қаржысын сыртқа шығаратын құдды «экспортер» сынды. 33 мың теңге инвестиция салып, 1 миллиардтан астам пайда табатын болса, құдай-ау кез келген қазақстандық инвестор болуға ұмтылады ғой?!
«КазГерСтрой» БК ЖШС-нің балансындағы техниканың біразы серіктестіктің өзінің қаржысына сатып алынса, ал келесі бір бөлігі лизингке алынған. Серіктестіктің бұрынғы акционері Данияр Тілеубергеновтің айтуынша, компанияның бар бизнесі автожолдар құрылысына қатысты мемлекеттік тапсырыстың арқасында дәуірлеп тұрған көрінеді. Қысқасы, Шумахердің инвестор ретінде құйған 33 мың теңгесінен басқа ештеңесі байқалмайды. Қайта Қазақстанның ақшасы сыртқа кетіп жатқаны болмаса...
Роберт Шумахердің атын шулатқан шаруаның бірі осындай. Ал, елорда іргесіндегі 29 мың гектар жерді иемденген «Ақ Құлын» бәз-баяғыша оны қажетіне жаратып келеді. «Жерді шетелдіктерге жалға беруге болмайды» деп жер-жерде жиын өткізіп, даусымыз қарлыққанша дауласып жатқанда, Шумахерлердің істеп жатқан тірлігі мынау. Осыдан кейін жерді жалға беру туралы мәселе қалың көпшіліктің көңілінен шығатындай болып шешілетініне кәдімгідей күмәнданады екенсің.
Бір қарағанда, мәселе Шумахерде тұрған жоқ сияқты. Гәп – керенау кеңселердегі ұлықтарда. Шумахердің құрылтайшы-серіктестерінде. Соларды қамқорлығына алып, сол бизнестен «өзіне тиесілі үлесін алып», шырт түкіріп отырған шенеуніктерде. Ендеше, Шумахер салған ізбенен ертеңгі күні басқа шетелдіктердің де «тоғызыншы территорияны» игеруге «инвестор» болмасына кім кепіл?!
Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43