Жақында Қазақстанның Мысырдағы елшісі Берік Арын Египет Араб Республикасы Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Әбдел Уахаб Хасанмен кездесті.
Кездесуде елші Ә.Хасанға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәмидің мансапқа тағайындалуына орай құттықтауын жеткізіп, Қазақстан мен Мысыр арасындағы сот-құқықтық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдары жөнінде пікір алмасты. Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің үстіміздегі жылғы ақпан айындағы Астанаға ресми сапары екіжақты қарым-қатынастардың барлық салаларының дамуына жаңа серпін бергені атап өтілді.
Б.Арын сұхбаттасын еліміздің маңызды ішкі саяси оқиғаларымен таныстыра келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстанда жүзеге асырылудағы 5 институттық реформалар шеңберінде атқарылып жатқан құқықтық реформалар, соның ішінде ішкі тәжірибе мен озық халықаралық стандарттар негізінде сот төрелігі жүйесін жетілдіру бағытындағы шаралар туралы хабардар етті.
Сыртқы саяси бастамаларымызға тоқтала отырып, елші Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайланғанын хабарлады. Бұған қоса, ол ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысымен таныстырып, кейін оның инфрақұрылымы негізінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылатынын және дауларды шешу үшін арнайы соттың жұмыс істейтінін атап өтті.
Мысырдың Жоғарғы конституциялық соты ең жоғары сот билігі ретінде мемлекеттің ішкі саяси өмірінде маңызды орын алатындығын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, Конституциялық сот басшысы 2013-2014 жылдар аралығындағы Мысырдың қиын өтпелі кезеңінде мемлекетті басқарды, ал аталмыш институт елді саяси дағдарыстан шығару бойынша «Жол картасын» табысты жүзеге асыруда, соның ішінде елдің жаңа Конституциясы да бар.
«Егемен-ақпарат»

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43