Кеше еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Гвардейск» полигонына барды. Онда бірнеше күннен кейін Армия халықаралық ойындары-2016 аясында үздік мергендер мен артиллерияшылардың халықаралық байқаулары басталады.
«Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мергендер шебі» байқауларын бастауға полигонда барлық қажетті инфрақұрылым дайындалған және қойылған. Артиллерияшылар байқауын өткізу үшін арнайы алаң, минажарылғыш қоршауы, төмпешіктер, көпірі және кедергілері бар ұзындығы 2 шақырымдық тас жол, мергендердің байқауы кезінде винтовкадан, тапаншадан оқ ату және гранаталар лақтыруға арналған барлаушының соқпақ жолы мен шептері салынды.
Қорғаныс министрі әскери техниканы сақтау және қызмет көрсету орындары бойынша алдыңғы көшпелі кеңесте берген тапсырмалардың орындалу барысын тексерді. Сондай-ақ, командалардың жатын жайы мен тамақтану орындарын тағы бір мәрте қарап шықты. «Ең маңыздысы, ұйымдастыру жөніндегі жауапты адамдар бақылау мәселесінің маңыздылығын да ұғынулары тиіс. Сондықтан, жұмысты барлық командалардың қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтайтындай етіп ұйымдастыруларыңыз абзал», – деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.
Сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы жақында ғана оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен анголалық команда мүшелерінің хал-жағдайын сұрастырды. Госпитальда оларға барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі кезде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық.
Армия халықаралық ойындары-2016 Қазақстанда 2 тамыз күні басталатынын естеріңізге сала кетейік. Біздің еліміз биыл алғаш рет өз аумағында әлемнің әртүрлі елдері армиясының үздік өкілдерінен құралған командаларды қабылдайды. «Гвардейск» полигоны бір аптаға мергендер мен артиллерияшылардың ірі халықаралық жарысы алаңына айналмақ. 13 елдің – Қазақстан, Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және ОАР-дың әскери қызметшілерінен құралған командалар ең кәсіпқой, мықты, мерген және төзімділер атағы үшін күш сынасады.
Осы жылы халықаралық армия ойындары 23 аталым бойынша өтеді. Ресейлік команда барлық номинацияға қатысады. Қытай тарапы – 22, ал Қазақстан 21 номинацияда бәсекеге түседі.
«Егемен-ақпарат»

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше