Облыс орталығына және күре жолға жақын орналасқан Водопроводное іргелі елді мекендердің бірі саналады. Мұнда тоғызжылдық мектеп пен шағын орталық жұмыс істейді. Еңбекке қабілетті тұрғындар түгелге жуық жұмыспен қамтамасыз етілген. Осыдан 17 жылдай бұрын осындағы қазандықтың қызметі тоқтатылып, ауылдықтар екі, үш қабатты үйлерге пеш салдырып, көмірмен жылытуға келіскен болатын. Енді адамдарды балаларымыз оқу-білімсіз қала ма деген уайым қатты мазалап отыр.
Бұлай болатын себебі, ауылда электр энергиясы сөндіріліп, кәріз жүйесі мен монша жұмысы тоқтатылады деген суық сөз желдей ескелі жұртшылықтың сеңдей соғылысып, тығырыққа тірелген жайлары бар. «ҚазСуШар» РМК «Есіл су» мекемесіне қарасты Булаев өндірістік учаскесі бұдан былай кәріз жүйесіне қызметін көрсету құқымыз жоқ деп ат-тонын ала қашып отыр. Коммуналдық төлемақы уақытылы төленіп келгеніне қарамастан мұндай түсініксіз қадамға баруды көпшілік ауылдың болашағына балта шабу деп қабылдайды. Филиалдың бас энергетигі Геннадий Сурков электр энергиясын халыққа жеткізіп, қамтып отыру үшін арнайы лицензия керектігін, бұл орайда, «СевКазЭнерго» АҚ-тың «Жігер» компаниясымен келісімшартқа отыруды алға тартса, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жетекшісінің орынбасары Бақыт Ілиясов жиналғандарды сабырға шақырумен шектелді.
Орын алған проблемаларды заңдық тұрғыда шешуге кім, не бөгесін болып отыр деген сауалдар жауапсыз қалды. Соған қарағанда тиісті орындардың бұл әрекеті атты арбаның артына жеккен әпендінің қылығын еске түсіретін секілді.
Водопроводное елді мекенінде тұрғындардың саны бес жүзден асады. Көбісі – зейнет жасындағылар. Олар Булаев өндірістік учаскесінде еңбек етіп, енді зейнет қызығын көретін шақта ауыл тағдырына қатты алаңдаулы.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53