Краков қаласының тұрғыны, поляк қызы Агнешка Сломян тұрмысқа шықты. Тойында кейбір қазақ қыздары жар етегінен ұстап, босаға аттағанда кие бермейтін қазақтың ұлттық көйлегін, басына қалыңдықтың желегі желбіреген сәукелесін киіп, Хэхло көлінің маңайын қазақтың ұлттық оюларымен безендірді. Жас отаудың шаңырағы мықты болсын деген тілекті Қазақстанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаев айтып, ол осы жаңалықты әлеуметтік желі арқылы жұртшылықпен бөлісті.
Осыдан кейін біз қалыңдық Агнешкамен байланысқа шығып: «Сіздің қазақ мәдениетіне деген ықыласыңыздың сыры неде?» деп сауал тастадық. – Оның тамыры менің студенттік кезімнен басталды. Әу баста Краковта университетте оқығанда таңдаған мамандығым – ресейтану болатын. Алайда, мені бала күнімнен көшпелілер мәдениеті қатты қызықтыратын. Үшінші курста жүргенде Орталық Азия елдерін, оның ішінде Қазақстан жайлы біле түссем деген ниетпен ықыласымды осы бетке аудардым. Неге Қазақстан десеңіз, ол біріншіден, мені еліктіретін көшпелі мәдениеттің көне бесігінің бірі екендігінен, екіншіден, бұл елді поляктардың үлкен диаспорасының өзінің екінші Отаны санайтынынан. Содан университетті бітірген соң магистратураның бес айын Алматыдағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқып, қазақ отбасында тұрып, диссертациямды «Қазақ отбасындағы дәстүр мен салттың сақталуы» тақырыбында қорғадым.
Маған қазақ отбасыларындағы туыстықтың сақталуы қатты әсер етті. Мәселен, бірге туғаны емес, туысының, ауылдасының баласы оқуға келсе, қаладағы жерлестің пәтерінің есігі ашық. Үйлеріне жатқызып, асын беріп, құжатын тапсыруына дейін көмектеседі. Еуропада болса туыстық қатынастардың деңгейі мұншалықты емес. Ал қазақтың тойлары қандай, ондағы сақталған ғұрыптар – келіннің бетін ашу, шашу шашу, бата беру, келіннің туысқандарға шай құйып беруі – бәрі-бәрі өте әдемі де, әрі таңсық, әрі адамдарды бір-біріне жақындататын дүниелер. Шын мәніндегі адами құндылықтар. Сол зерттеп жүрген уақытымның өзінде кейін тұрмысқа шыққанда қазақтың ғұрпынан бір нәрселер тойымда көрініс берсе деген ой қылаң берген. Томаштың менімен таныспай тұрғандағы қазақтар туралы естігені тіптен мардымсыз болатын. Оны осы елмен таныстыру үшін туристік сапармен Қазақстанға келіп, батысқа, шығысқа, солтүстік пен оңтүстікке барып, қазақ жерінің табиғатын тамашалатып, өзім білетін жайларды әңгімелеуден жалықпадым. Ақырында Томаш та қазақ десе ішкен асын жерге қоятын жанға айналды.
Былтыр Томаш екеуміз Көкшетау қаласында поляктар өткізген шараға арнайы келдік, Алматы арқылы Көкшеге сапар шегерде Шымбұлақ басында Томаш үйленуге ұсыныс айтты. Қалыңдық көйлегін Көкшеден алдым. Еуропалық қыздар қазақ қыздарына қарағанда денелі келеді емес пе, маған дайын көйлек табу да оңай болмады. Тіктіруге уақыт жоқ, содан прокатқа қалыңдық көйлегін беретін дүкенде ғана маған шақ көйлек бар екен. Қырсық қылғанда, дүкен иесі «Көйлек тек прокатқа беріледі» деп тұрып алды. Қоймай жүріп, 3-4 рет барып, тойдың Польшада өтетінін, ол жақта маған мұндай көйлек табылмайтынын айтып әзер дегенде көндірдім. Ал Томаш киген ұлттық киімді қазақтың дәмін татқан, топырағын басып, жері мен елінің қасиетін ұққан танысым, поляк қызы – Агата Рутинская сыйға тартты. Той өте көңілді өтті, қонақтарға қазақ оюларымен безендірілген зал, өзге де пайдаланылған қазақ стилі керемет ұнады», – деді поляк қызы.
Осылайша, поляк азаматтары Агнешка Сломян мен Томаш Мазурэк көтерген шаңырақтағы қазақ еліне деген құрмет олардың махаббатымен бірге маздап, той меймандарының да көңілдеріне жылы шуақ ұялатыпты.
Агнешка Сломян Краковтағы Шығыс бастамалары институтына басшылық етеді, ал оның үкіметтік емес ұйымдар жайындағы докторлық диссертациясының бір бөлігі қазақстандық ҮЕҰ жұмыстарына арналған екен.
«Менің қазақ еліне, оның халқына деген сүйіспеншілігім бір күнде қалыптасып, алып-ұшып, тез жанып, тез сөнетін жалын емес, ол жылдар бойындағы ізденісіммен келген шынайы құрмет сезімі. Әрі кеткенде 2 жылда бір рет Қазақстанға жол тартпасам, бірдеңемді жоғалтқандай күй кешемін, мен қазақтарды жақсы көремін», – деді Агнешка Сломян.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47