Америкалық Николас Бентель есімді дизайнер тың дүние ойлап тапты. Ол ауа ластанған кезде түсін өзгертетін киім шығарды.
Дизайнер әзірге жеңі ұзын үш жеңіл жейде әзірлеп қойған. The Verge ақпары бойынша, олардың бірі ауадағы иіс газы концентрациясының жоғары болуын, тағы бірі ауаның қатты микробөлшектермен ластануын, ал үшіншісі ауаның радиоактивті заттармен ластануын анықтайды.
Әрқайсының бағасы шамамен 500 долларды құрайды. Дизайнер алдағы уақытта радиацияның жоғары деңгейін анықтайтын киім шығаруды мақсат етіп отыр. Оның құны 625 доллар болатынын да айтты. Әрбір үлгіде өзіндік технологиялар орнатылған. Ауаның ластығына байланысты олардың түстері де құбылып тұрады.
Айта кетейік, осыған дейін Амстердам дизайнерлері танымал жұлдыздарды папарациядан қорғайтын мойынорағыш шығарған болатын.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше