Балық өнімдерін тұтынудың әлемдік орташа көрсеткіші жан басына шаққанда 20 келіні құрап тұрған кезде Қазақстанда бұл көрсеткіш әлі күнге дейін 5 пайызға жетпепті. Бұл мәселе 28-29 шілде күндері Алматыда өткен ІІ Қазақстан Республикасының балық өсірушілер форумында жан-жақты талқыланды.

«Статистика бойынша балық өнімдерін тұтыну көлемі Қазақстанның әрбір тұрғынына шаққанда 4,5 келі шамасында ғана. Ал еліміздегі тағамтанушылардың оны тұтыну көлеміне ұсынылған нормасы 14,2 пайызды құрайды. Өкінішке орай, өз елімізде ауланатын балық сапасы өте жоғары болғанына қарамастан басым бөлігі экспортқа кетіп жатыр. Қазақстанға сырттан әкелінетіні түгелдей дерлік бізде өндірілмейтін мұхит балықтары», дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Балық шаруашылығы жөніндегі басқарма басшысы Аян Бахиянов.
Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Қуаныш Исабековтің сөзіне қарағанда, балық аулау көлемінің ең жоғары көрсеткіші елімізде 1975 жылы тіркелген. Онда 100 мың тонна балық ауланған. Өкінішке орай, одан кейін оның көлемі жыл өткен сайын кеміп, 1980 жылы 85,7 мың, 1990 жылы 68,6 мың, 2000 жылы 36,7 мың, 2010 жылы 51,7 мың, ал 2015 жылы 45,1 мың тонна көлемінде ғана болған.
Мамандар балық шаруашылығының мұншалықты кері кетуінің материалдық базаның ескіруі, дайындалып жатқан жаңа мамандардың заман талабына ілесе алмауы және мемлекеттік қолдаудың мақсатты түрде жүйелі жүргізілмеуі сияқты басты себептерін атап көрсетті. Ал құзырлы мекеменің жауапты уәкілі Аян Бахияновтың айтуынша, балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаудың аздығына ең алдымен бұл саланың жалпы ішкі өніміндегі үлесінің 0,01 пайызды ғана құрауы түрткі болып отыр.
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) балық өнімдерін тұтынуда кіріс деңгейі төмен елдеріне ұсынған мөлшерінің өзі 14,6 келіні құрайтын көрінеді. Сондықтан Қазақстанның әлемдік орташа көрсеткішті айтпағанда, отандық тағамтанушылар ұсынып отырған 14,2 келіге жетуі әзірге алдағы бірер жылда қол жеткізер меже болмай тұрғанын аңғаруға болады.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
журналист
АЛМАТЫ

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47