Энергетика министрлігі тамыздың басында жазғы дизель отыны шекті бағасына шектеуді алып тастауды жоспарлап отыр. Ал қысқы дизельге шектеу болған жоқ. Бұған дейін оның бағасы нарық арқылы қалай реттелсе, әрі қарай да солай реттеле береді. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, жазғы дизельдің шекті бағасын алып тастағаннан кейін «солярканың» бір литрі 15-16 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Одан жоғары көтерілмеуі тиіс.
Жазғы дизель отынының шекті бағасын алып тастаудың басты себебі – көрші елдермен баға айырмашылығы. Қазақстанда дизельдің шекті бағасы – бір литрі үшін 99 теңге болса, Қырғызстанда – 150, ал Ресейде 180 теңгеге дейін жетіп отыр. Шекара маңында тұратын ресейліктер мен қырғызстандықтар осыны пайдаланып, арзан қазақстандық дизельді тонналап тасып жүр. Транзитпен өтетін жүк машиналарының бактарын толтырып кететіні былай тұрсын, шекаралас аймақта тұратындар Қазақстанға бірнеше рет келіп, дизель отынын құйып әкетеді. «Біз ондай әрекеттерге шектеу қоя алмаймыз. Себебі, Қырғызстан да, Ресей де Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып саналады», – дейді вице-министр Ә.Мағауов. Ал көрші елдерге арзанға кетіп жатқан дизель отынына шектеу болмағаннан кейін оңтүстік пен солтүстік аймақтарда жанар-жағармайдың осы түріне тапшылық сезіле бастады.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде осы мәселеге қатысты талқылаулар жүріп жатыр. Дегенмен, қазірдің өзінде құзыретті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар аталған бастамаға қарсы емес. Жанар-жағармай құю бекеттері де оны толығымен қолдап отыр. Алайда, Мағауов мырза тиісті шешім қабылданбай тұрып, спекуляцияға жол беруге болмайтынын ескертті. «Бізде осындай жаңалықтар жарияланған кезде біреулер бағамен ойнай бастайды, енді біреулер жанар-жағармайды ұстап қалып, бағаның көтерілгенін күтеді. Ондай спекуляцияға жол берілмейді. Жаңағыдай әрекеттер анықталса, тиісті жазалау шаралары қолданылады», – дейді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, министрлік дизельді отын саудасында спекуляцияға жол бермеу мақсатымен шекті бағаны тездетіп алып тастауды көздейді. Тамыздың басында ресми шешім шығарылуы тиіс. Осыдан кейін дизель отынының бағасы 115 теңгеге дейін қымбаттайды деген болжам бар. Алайда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жеңілдік баға (79 теңге) сақтала береді.
Арман АСҚАРОВ
АСТАНА

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47