Газет редакциясына және Ұлттық Банкке Қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысты көптеген сұрақтар келіп түседі. ҚР ҰБ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандары солардың ішінде ең көп қойылатын сұрақтарға жауап дайындады. «Егер қарыз алушыда 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бір банкте негізгі борышының жалпы сомасы 36 470 000 теңгеден асатын екі және одан да көп қарызы болған жағдайда, қарыздарды қайта қаржыландыруға бола ма?» – Қарыз алушы қарызы (қарыздары) бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда қайта қаржыландырылуға тиіс. Бұл ретте негізгі борышының жалпы сомасы 36 470 000 теңгеден аспайтын қарыздар қайта қаржыландыруға жатады. Өз кезегінде, егер бір қарыз басқа қарыздармен қосылғанда 36 470 000 теңгеден асса, онда қосылғанда көрсетілген сомадан аспайтын қарыздар қайта қаржыландырылады. «Қарыз алушыны бағдарлама бойынша қайта қаржыландыру кезінде банк үшінші тұлғаның қосымша кепілзатын талап етуге құқылы ма?» – Бағдарламаның әлеуметтік бағытын ескерсек, банк қарыз бойынша қосымша кепілзатын талап етуге құқылы емес. «Төртінші баласы 2015 жылы туылған қарыз алушының кредиті «халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы» санаты бойынша қайта қаржыландырыла ма?» – Бағдарламаның әлеуметтік бағытын ескерсек, мұндай қарыздар бағдарлама шеңберінде осы санат бойынша қайта қаржыландырылуға тиіс.
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше