еуропалық стандартқа сай алюминий бұйымдарын өндіреді
Заман талабына сай жас буын өкілдері шетелдерге барып, білім алып елге оралысымен отандық өнім өндіруді жедел жүзеге асыра бастағаны қуантады. Бұл үрдіс Жетісу жерінде де жылдам жүзеге асырылуда. Ең бастысы, сапаға баса назар аударылады.
«Осы серіктестіктің бизнес жобасын 2013 жылы өзім жасап, араға екі жыл уақыт салып зауытты іске қосу мүмкіндігіне ие болдық. Сол уақыттан бері өндіріс орны тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда 120 адам еңбек етеді. Қажетті шикізатты Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытынан аламыз. Кәдімгі кірпіш іспетті әрқайсысы 20-50 килолық құп-құрғақ «шушка» деп аталатын шикізатты алып, балқытып, «билет» деген қосындыны қосамыз. Диаметрі – 203 мм және 152 мм ұзындығы – 6 метр. Бірақ, Павлодардан келген шикізаттың ішіндегі магний мен марганецті еріту арқылы бөлеміз. Химиялық құрамы еуропалық стандарт бойынша 6063, 6463, 6060 болады. Жалпы, сала өндірісінде алюминий профилін өндіру арқылы анодты оксид деген жаңа технологиямен түсін өзгертеміз. Сонда біздің өнім барлық талап бойынша еуропалық стандартқа сәйкес келіп отыр. Экологиялық тұрғыдан тексергенде пластикте зиян бар екендігі, ал алюминийде жоқтығы анықталған. Бүгінде Еуропа мемлекеттерінде алюминийді қайта өңдеу тәсілі бар. Мысалға, өндіріс орындарында жасалған алюминий өнімдері талапқа сәйкес келмей жатса, сол өнімді қайта өңдеп балқытуға болады», деді «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС бас директоры Нұрсұлтан Жұмабек.
Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында арнайы ұйымдастырылған телекөпірде Елбасының рұқсатымен «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығару зауыты іске қосылғаны мәлім. Қазіргі уақытта бұл өндіріс орны HOFFMANN Aluminium сауда таңбасымен жоғары технологиямен толық кезеңді алюминий профильдерін өндіруші зауыт болып табылады. Алюминий профильдерін шығару зауыты құю цехы мен 1540 және 2400 тонналық баспақтан, оған қоса ұнтақты бояу мен анодтау тізбегінен құрылған. Жалпы аумағы 14 000 шаршы метр. Зауыт технологиялық үрдісі бастапқы кезеңдегі алюминийді қайта өңдеу жолымен 1000-нан аса әртүрлі алюминий профильдерін еуропалық стандартқа сай шығарады. Зауыттың жобалық қуаты жылына – 16400 тонна. Зауыт қызметкерлері Түркия және Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби инженер-технолог мамандарынан құралған. Зауыт іске қосылғаннан бері 1500 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын өндірді.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы,
Іле ауданы

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19