«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне Таиланд корольдігінің қатысатындығы туралы келісімшартқа қол қойылды. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қорының басқарма басшысы Ахметжан Есімов пен Таиланд Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы – ұлттық секция комиссары Ареепонг Бхоочаоом қол қойды.
Басқосу барысында А. Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрменің ұйымдастырылу жұмыстары туралы кеңірек айтып берді.
«Халықаралық көрмеге дайындық қарқынды жүріп жатыр. Тіпті, биылдың күзінде қатысушы мемлекеттерге өздерінің ұлттық павильондарын береміз, оны сол кезден бастап безендіріп, дайындай бере алады», – деді өз сөзінде ұлттық компания басшысы.
Сондай-ақ ол көрменің халықаралық ілгерілету мәселесін де қозғады. Бүгінгі таңда 96 мемлекет қатысатындығын растап, 63-і қатысу келісімшартына қол қойды.
Өз кезегінде, Таиланд ұлттық секциясының комиссары А. Бхоочаоом Қазақстанның Таиланд үшін Орталық Азиядағы маңызды сауда-экономикалық әріптес екенін атап өтті.
«Көрмеге қатысу біздің корольдік үшін өте маңызды. Бұл шара біздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар үшін ерекше қарқын беретініне сенімдіміз», ؘ– деді А. Бхоочаоом.
Кездесуде Таиланд өкілдері өздерінің ұлттық күндерін атап өту рәсімін 2017 жылдың 12 тамызына бекітуді сұрады. Бұл күні Таиландта Рам ІХ патшасының жұбайы – мәртебелі Сирикит патшайымның туған күніне қатысты салтанатты шара ұйымдастырылады. Осы шара аясында таи павильоны ЭКСПО қатысушыларына арнап мәдени, ойын-сауық іс-шараларын өткізбекші.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 19 Тамыз, 2016
Күзде «ЭКСПО-2017» қатысушыларына ұлттық павильондар беріледі

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19