Ұлан-Батыр қаласында Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO), Моңғолия ғылым академиясының және «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тәңіртаудан Өтүкенге дейін: Ұлы Дала көшпенділерінің тарихи-мәдени қазыналары» атты II халықаралық экспедициясының үшінші күнгі жұмысы әріптестік меморандумына қол қоюмен және марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.
Түске дейін Моңғолия Ұлттық музейіндегі жұмыспен танысып шыққан делегация мүшелері Моңғолия ғылым академиясының жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында Моңғолия ғылым академиясы және Түркі академиясымен бірлескен әріптестік меморандумын бекітті. Демек, ендігі жерде түркітілдес мемлекеттер ғалымдарының Моңғолия аумағында қалған балбал тастар тарихын терең зерттеп, танып-білуге мүмкіндіктер молая түсті.
Жиынға қатысқан экспедиция мүшелері соңғы жылдары түркі әлемінің өзара ынтымақтастығы нығайып келе жатқанына тоқтала келіп, түркілер тұлпарының тұяғы жеткен Еуразия құрлығының батысы мен шығысында жатқан таңбалы тастарды көздің қарашығындай сақтап отырғаны үшін моңғол жұртына мың алғыс білдірді.
Ал жиын соңына қарай бірқатар моңғол ғалымдары мен академиктері Түркі академиясының арнайы сыйлықтарына ие болды. Атап айтқанда, көрнекті шығыстанушы, моңғолтанушы ғалым, Моңғолия ғылым академиясының академигі Шагдарын Бираға академияның арнайы алтын медалі табыс етіліп, Халықаралық моңғолтану қауымдастығының бас хатшысы Домин Төмөртогоның иығына қазақша шапан жабылды.
Кеше экспедиция мүшелері Түркі академиясы мен Моңғолияның Орталық мұрағат басқармасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум бекіту рәсіміне қатысты. Бұл құжат келешекте екі ұйымның архив ісі және құжат алмасу салаларында тығыз байланыс орнатып, өзара ғылыми деректер алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Құжатқа сәйкес, кәсіби тәжірибеден өткізу мақсатында маман алмасу мәселесі де қарастырылған.
Меморандумға қол қою салтанатына TWESCO-ның халықаралық экспедиция құрамындағы қоғам қайраткерлері мен көрнекті ғалымдар, журналистер қатысты.
Құжатқа қол қою рәсімінен кейін Моңғолияның Орталық мұрағат басқармасының бастығы, тарих ғылымдарының докторы Ишжамц Саруул мырза көшпелі өркениет тарихын зерттеуге қосқан үлесі мен деректанушылық еңбегі үшін академияның күміс медалімен марапатталды.
Нұрлыбек Досыбай,
«Егемен Қазақстан» –
Моңғолиядан
• 24 Тамыз, 2016
Көне түркі ескерткіштерін зерттеуге мүмкіндіктер молая түсті

Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Кеше