Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 20 жасқа дейінгі жастар арасында Үндістанның Бхуванесваре қаласында өткен әлем чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды. Осы додада ол әйелдер арасындағы гроссмейстер және шахматтан халықаралық шебер атанды. Бұл атақтар әлем чемпионы атанған шахматшыға беріледі.
Жастар арасында әлем чемпионы атану Динараның бала кезден бергі арманы еді. Өйткені, ол бұған дейін жастар арасындағы әлемдік шахматтың тәжін басына өлшеп көрген емес. Ол 2010, 2012 және 2014 жылдары үш дүркін әлем чемпионы болған. Сол кездері шахматшы қыз 14, 17 және 18 жасқа дейінгі жасөсіпрімдер арасында өткен әлем бәйгесін ғана жеңіп алған болатын. Ал осы жолғы Динараның чемпиондық атағы тіптен ерекше. Бұл атақ шахматшыға әйелдер арасындағы гроссмейстер атанып, ФИДЕ тізіміндегі рейтингін көтеріп, жарысын өзінен үлкен шахматшылар арасында жалғастыруға мүмкіндік береді.
Биылғы чемпионатқа 57 шахматшы қатысты. Динара осылардың арасынан қара үзіп шығып, 13 турда 9,5 балл жинады. Бұл жеңісіне Динара Сәдуақасова көп уақыт дайындалды. Биылғы жылдың сәуір, маусым айларында Дубай мен Ташкент қалаларында өткен Азия ұлттары кубогы мен Азия чемпионатына қатысып, бақ сынады. Соның біріншісінде – қола, екіншісінде күміс медальді жеңіп алды. Ал былтыр Арменияның Ереван қаласында өткен Еуропа университеттері арасындағы құрлық клубтық чемпионатында бас жүлдені иеленді. Сол жылы Душанбеде Орталық Азияның әйелдер арасындағы чемпионы атанды.
Динара алғашқы кезде Астанадағы Х.Омаров атындағы шахмат клубында бес жасынан бастап тәлім алып, кейін сонымен қатар, музыка мектебінің фортепиано сыныбын үздік аяқтап, көркем гимнастикамен шұғылданған. Осы білім ордасын да үздік дипломмен бітіріп шыққан. Бірақ оның шахматтағы жаттықтырушысы Ольга Черепанова Динараға: «Шахмат пен гимнастиканың біреуін таңдағаның дұрыс», дегеннен кейін, ол гимнастиканы біржола қойып кетеді. Бұл да бір жағынан дұрыс болған шығар.
Қалай дегенмен, біздің көз алдымызда ала тақта өнерінің жарық жұлдыздары өсіп келеді. Бұл қатарға Динара Сәдуақасовадан басқа Гүлісхан Нақбаева, Мәдина Дәулетбаева, Гүлмира Дәулетова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева сияқты талантты қыздарды жатқызуға болады. Олардың бәрі жас болса да, еліміздің атақ-даңқын әлемге танытып, шахматтың дамуына елеулі үлес қосып жүр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32
Ана мәртебесі: Тәрбие бесігінен кәсіпкерлік шыңына дейін
Қоғам • Бүгін, 12:18
Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13