Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Қорғалжын және Целиноград аудандарында болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Өңірлерге сапар барысында Сенат депутаттары Қорғалжын ауданында Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Ақмола облыстық әкімдігі бірлесіп өткізіп жатқан «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер мен жастар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысқан аудандық форумда қазіргі уақытта елімізде сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіздікке қарсы аяусыз күрес жүргізіліп жатқандығы атап көрсетілді. Бұл кеселге қарсы күреске барлық қоғамды жұмылдырудың маңыздылығы көлденең тартылды.
Қорғалжын ауданының орталығында жеке кәсіпкер Сәуле Бейісова басқарып отырған «Ақботақан» атты жекеменшік балалар бақшасының жұмысымен танысқан сенаторлар қазіргі кезде бұл ұйымда 100 баланың тәрбиеленіп жатқандығын көрді. Балабақша осы заманға лайықталып жабдықталған. Кәсіпкерге мемлекеттік қолдау да жасалып келеді.
«Сабынды» ауылындағы дәрігерлік емдеу мекемесінде осы елді мекеннің және көрші ауылдардың халқына сапалы дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Емдеу мекемесінің бас дәрігері Марал Арқабаева қазір мұнда жоғары білімді дәрігерлер қызмет жасап жатқанын және қажетті жабдықтардың жеткілікті екенін айтып, сенаторлардың назарын ауыл дәрігерлерін пәтермен қамтамасыз ету мәселесі қиын болып тұрғандығына аударды.
2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Астана Агропродукт» ЖШС-нің өнімдеріне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Негізінен, ет және ет өнімдерін өңдеумен айналысатын бұл кәсіпорынның өнімдері «Бақара» атты сауда маркасымен белгілі. Қазір мұнда шұжықтың 40 түрі мен 60 түрлі «халал» ет өнімдері шығарылады. Кәсіпорынның өнімдері Халықарлық «Экологиялық таза өнім» академиясының реестріне тіркелген. Бұлардың өз мал бордақылау алаңдары, мал соятын, өнім өңдейтін цехтары бар. Барлық технологиялық жүйе жабдықтары Германиядан алынып, орнатылған.
Былтыр көктемгі қар суынан зардап шеккен Целиноград ауданының Оразақ ауылында болған сенаторлар ауыл тұрғындарымен кездесті. Олар зардап шеккен тұрғындар үшін салынған тұрғын үйлерді аралап көрді. Ауыл тұрғындары аса қиын кезеңде өздеріне қамқорлық жасаған Елбасына шынайы ризашылықтарын білдірді. Қазір ауылды көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Сенаторлар құс етін өндіріп жатқан кәсіпорында және аудан орталығы Ақмол ауылында жаңадан салынып жатқан аудан әкімдігінің, мешіттің құрылыс алаңдарында, жазғы стадионда болды. Парламент депутаттары өз сапарлары кезінде жергілікті тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, Сенаттың заң шығару қызметінің барысымен таныстырды.

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше