Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен алғашқы ресми кездесу өткізіп, Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Тараптар екі мемлекет басшыларының мемлекеттік сапарлары мен кездесулерінің арқасында екіжақты қарым-қатынастың жыл сайын жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда іске аспай қалған әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін алғашқы болып Анкараға ресми сапармен барды. Невзат Уянык өз кезегінде бұл сапарды Түркия халқы мен Үкіметінің өте жоғары бағалағанын, сонымен қатар, бұл сапар әлем алдында Қазақстанның қолдауын айғақтай отырып, нағыз достық пен бауырластықты дәлелдегенін айтты. Мәжіліс Спикерінің айтуынша Түркия халқы осы кезеңде өз басшыларын қолдау арқылы демократиялықтың жоғары үлгісін көрсетіп, ауыр сынақтан лайықты өтті.
Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы елшіге және бүкіл түркі халқына жантүршігерлік лаңкестік оқиғадан кейінгі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту білдірді. «Қазақстан лаңкестік әрекеттің кез келген түрін қатаң айыптайды және оған қарсы батыл күрес жүргізе отырып, осы бағытта халықаралық қоғамдастықпен белсенді іс-қимыл жасайды», деді Н.Нығматулин.
Н.Нығматулин Қазақстан Президентінің Ресей мен Түркия ұстанымдарын жақындастырудағы маңызды әрі сындарлы рөлін алға тартып, Қазақстан әрқашанда Түркияның стратегиялық сенімді серіктесі әрі досы болып қалатынын атап көрсетті.
Өз кезегінде елші Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген әрі салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстанның 25 жылдық мерейтойға қарқынды даму табысымен келгендігі барша түркиялықты тәнті ететінін алға тартты.
Парламентаралық байланыс мәселесін де назардан тыс қалдырмаған кездесу иелері екі ел депутаттарының ынтымақтастық жөніндегі топтар мен халықаралық парламенттік ұйымдар арқылы бірлесе белсенді жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.

Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше