Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың серб тіліндегі тұңғыш «Жамбыл. Ұлы Дала жыршысы» атты кітабы таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің қолдауымен өткізілген шараға Сербия Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Сербия Жазушылар одағының басшылығы мен мүшелері, Белград зиялы қауымы, сондай-ақ, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Кітапты серб тіліне аударған – Белград университетінің профессоры, танымал тәржімашы Ольга Маркович.
Кітаптың алғысөзін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі жазған. Бұл – фашизмге қарсы соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына және көрнекті ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған бірегей еңбек. Кітаптың ерекше құндылығы – даңқты ақын туралы кең мәліметтің серб оқырманына алғаш жетуінде және Ұлы Дала тұлғасын танытуда.
Бұл еңбекте мұрасы әлем мен Қазақ елінің рухани алтын қорына қосылған біртуар ақынның өмір жолы жаңаша байыптаулармен жазылған. Басылым 3 бөлімнен тұрады.
Шара барысында серб тарапының өкілдері мұндай акциялар қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жете әрі терең түсінуге, кең танысуға мүмкіндік беретінін айтты.
Жалпы, мұндай шаралар Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың мәдени бағытын нығайтуға септігін тигізетіндігі ерекше аталып өтті.

Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше