Екібастұз қаласындағы №36 мектеп-лицей Коституция күні және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында ашылды. Мектеп құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Жобаның құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Өздері құрылысын жүргізген мердігер «Портал-ПВ» ЖШС оқушыларға 44 компьютер сыйға тартыпты. Қазақ тілінде білім беретін бұл мектеп-лицей «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» білім жүйесіне негізделіпті.
– Мектепте 45 кабинет бар, физика, биология, химия кабинеттері арнайы құрылғылармен жабдықталған. Екі информатика кабинетіне 30 компьютер орнатылған. Мектепте оқу залы, кітапхана және 374 орындық зал, медициналық кабинет, психолог кабинеті бар. Футбол алаңы, спорттық ойындарға, жеңіл атлетика және гимнастикаға арналған алаңдар, волейбол және баскетбол алаңдары жасақталған. Спорт алаңдары гимнастикалық қабырғалармен жабдықталған, доп лақтыруға арналған дискілер мен торлар, құмсалғыш, әткеншектер құрылды, – дейді мектеп-лицей директоры Гүлнар Сыбанқұлова.
Мектеп асханасы 350 оқушыға арналған, сонымен бірге, мектеп жанынан жылыжай салынған. Балалар жыл бойы ол жерде көкөністер өсіріп, тəжірибелік сабақтарын жасайды. Мектеп аумағы абаттандырылып, жолдар бетонмен асфальттанған, аулада қарағай, қайың, сүмбіл терек, шетен, далалық алтын түстес қарақат егілген, көпжылдық гүлзарлар жасалған.
Кеншілер қаласы жұртшылығын жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған облыс әкімі Болат Бақауов көрімдікке ГАЗель автокөлігінің кілтін табыстады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ЕКІБАСТҰЗ

Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше