Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалығымыз бар. Қазақ футболшылары кәрі құрлықтың белді турнирінде жыл соңына дейін доп тебетін болады. Кеше, газет беті қатталып жатқанда футболдан Еуропа лигасы аясында өнер көрсететін «Астана» командасы сырт алаңда, Беларусьтің БАТЭ футбол клубымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті.
Топтық кезеңге жолдама берілетін плей-офф ойыны болғандықтан, елордалық ұжым ә дегеннен-ақ барын салып ойнауға талпынған. Әйткенмен, Станимир Стоилов шәкірттері бірінші болып өз қақпаларына гол жіберіп алды. Қақпамызға гол соққан – Михаил Гордейчук. Бір қызығы, беларусь шабуылшысы Қарағандының Сарань қаласының тумасы. Ол 18 жасқа дейін аталмыш қалада футболдың қыр-сырын меңгеріп алғаннан кейін, Белоруссияға көшіп кеткен екен.
Хош, екінші кезеңді «Астана» жігіттері ширақ бастады. Серікжан Мұжықов, Неманья Максимович және Патрик Твумаси сынды шеберлеріміз алаң қожайындарының қорғаушыларын әбден састырды. Сондай ұрымтал сәттердің бірінде бұрыштамадан асырылған допқа бәрінен бұрын жеткен Неманья Максимович оны қарсыластар қақпасына бүлк еткізіп, есепті теңестірді. Бұл ойынның 50-ші минуты болатын. Ал кездесудің 76 минутында ганалық легионеріміз Патрик Твумаси шамамен 25 метрден соққы жасады. Оның шірене тепкен добына қақпашы Артем Сороко үлгере алмай, өз жанкүйерлері алдында пұшайман болды. Есеп – 2:1, «Астана» алға шықты.
Алайда, өз жанкүйерлері алдында ұятқа қалмауды ойлаған БАТЭ ойыншылары барын салып, 89-минутта пенальти арқылы есепті теңестірді. Игорь Стасевич есепті 2:2 есебіне жеткізгенімен, ары қарай нәтиже өзгерген жоқ.
Осылайша, Станимир Стоилов баптайтын елордалық «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, еурокубок жолындағы жарысын одан әрі жалғастыратын болды.
Айта кетейік, алғашқы ойын 2:0 есебімен «Астананың» пайдасына шешілген болатын.
Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан»

Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше