Ұлт мұрасына ұқыптылықпен қарап, өткенімізді өшірмей, сары алтын сақталған сандықтай болып келе жатқан рухани ошағымыздың бірі – Ұлттық музей болар. Кеше қазыналы қара шаңырақ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы» атты сурет көрмесін ашты.
Көрмеге аталмыш университеттің өнер факультетінің оқытушылары мен магистранттары жасаған 40 қылқалам туындысы қойылды.
Түркістаннан жеткен көрме «Ұлы Даланың ұлы тұлғалары» және «Ұлы Даланың ұлы оқиғалары» деген екі бөлімнен тұрады. Суреттердің тақырыптары мұқият таңдалып, университеттің тарихшы-археологтары тарапынан көркемдік сараптамадан өткен екен.
«Көрменің басты мақсаты – Ұлы Даланың тарихи оқиғалары мен ел тағдырындағы орны ерекше тұлғаларын көркемдік тұрғыдан қайта көрсету арқылы жастарды отансүйгіштікке баулу. Олардың ерен ерліктерін ел есінен ұмыт қалмауы үшін еңбек ету. Осы жаз айларында, демалыс уақыттарында шетелден болсын, өзіміздің қазақстандықтар болсын Астанаға демалып келгенде Ұлттық музейге соқпай өтпейді. Сол кезде біздің осы көрмеге қойған дүниелерімізді көріп, тарихымызбен танысып жатса, біздің еңбегіміздің жанғаны», – деді Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Уәлихан Әбдібеков.
Көпшілік назарына ұсынылған көрмеге «Ботай елді мекені», «Қазақ даласындағы аң аулау өнерінен көрініс», «Сақ басшысы – Алтын адамды жерлеу рәсімі», «Отырар моншасы», «Тайқазан», «Отырар кітапханасы», «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылысы» және т.б. суреттерде біздің заманымызға дейінгі бес мың жыл бұрынғы Ботай мәдениетінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы ұлттық тарих пен мәдениеттің артефактісіне айналған мәдени-рухани және материалдық ескерткіштер бейнеленген.
Тарихи оқиғалар мен тұғырлы тұлғаларымызды бейнелеген көрме 25 қыркүйекке дейін жалғасады.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше