Еуропа астрономдары тапқан экзопланета «Проксима Б» деп аталады. Мұнда адамзат баласы үшін тіршілікке қолайлы жағдайдың бәрі бар көрінеді. Сондай-ақ, аталған ғаламшардың көлемі Жермен шамалас.
Астрономдар «Центавр альфасы» шоқжұлдызында орналасқан экзопланета Күн жүйесінен 4,2 жарық жылы қашықтықта орналасқанын мәлімдеді.
«Осы ғаламшардың пішіні мен шығу тегі Жерге өте ұқсас. Ол Юпитер секілді газ шары емес, сол себептен адамдар оның бетінде қиналмай тұра алады. Онда сұйық түрде су болуы мүмкін. Демек, тіршілігі де болуы ықтимал», – дейді астроном Ансгар Рейнерс.
Айта кетейік, соңғы жиырма жылда ғалымдар ғарышта үш мыңнан аса экзопланета ашқан. Алайда, көбісі өте алыс орналасқандықтан, олар мұқият зерттелмеген.
Талғат РАЙЫМБЕК

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше