Оқиға • Бүгін, 20:29

Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері агрессивті жүргізу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтап, жолын кесті. Шара барысында қала көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету күшейтілген режимде жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Фото: Depositphotos.сom

Polisia.kz хабарлағандай, жұмыстарды патрульдік полицияның мамандандырылған батальоны негізгі магистральдарда жүргізген. Әсіресе апатты жағдай туғызатын және қауіпті жүргізу мәнерін көрсететін жүргізушілерді анықтауға басымдық берілді. Сонымен қатар әкімшілік полицияның өзге де бөлімшелері рейдтік және алдын алу шараларын қатар ұйымдастырып, жол жағдайын кешенді бақылауға алды.

Полиция мемлекеттік нөмірін жасырған көлік жүргізушілерімен күресті бастады

Осындай деректердің бірі түнгі уақытта Әл-Фараби даңғылы бойында тіркелді. Бір топ көлік жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс арттыру, күрт жолақ ауыстыру және өзге қатысушыларға кедергі келтіру арқылы агрессивті жүргізу белгілерін көрсеткен. Жедел әрекет нәтижесінде аталған көліктер тоқтатылды.

Тексеру қорытындысында жүргізушілерге қатысты қауіпті маневр жасау және апатты жағдай қалыптастырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал көліктер арнайы тұраққа қойылды.

LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?

Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдинұр Тасыбаев агрессивті жүргізудің қоғамға төндіретін қатеріне тоқталды. Оның айтуынша, агрессивті жүргізу – қауіпсіздік талаптарын әдейі елемеу, ал мұндай әрекеттер адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

«Мұндай құқықбұзушылықтар жүйелі түрде және қатаң түрде тоқтатылады. Бірде-бір дерек құқықтық бағалаусыз қалмайды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар