Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Ли Хуэйлаймен кездесті, деп хабарлады inform.kz
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын және ең жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жолдарын талқылады.
Әсіресе, биыл қыркүйек айында өтетін Қазақстан Президентінің Қытайға сапары және «G-20» саммитіне қатысуына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және Қытай бастамасы «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» тоғысуын іс жүзінде жүзеге асыру, екі ел іске асыратын Индустрияландыру және инвестициялар бағдарламасына қатысатын кәсіпорындар үшін қолайлы жағдай туғызу және практикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын кеңейту бойынша байсалды пікір алмасу өтті.
Қазақстандық дипломат еліміз аумағында бірлесіп жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың маңыздылығына тоқталды. Мысал ретінде Астанадағы жеңіл рельс жүйесінің (LRT) құрылысын атап көрсетті.
Өз кезегінде Ли Хуэйлай бірлестік аясында одан әрі тығыз ынтымақтастыққа үміттенетінін білдірді. Сондай-ақ Қытай дипломаты Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолы экономикалық белдеуін ұштастыруда Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті.
Ш. Нұрышев қытайлық дипломатқа жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты Қазақстанның халықаралық бастамалары жөнінде баяндады, сондай-ақ оны Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай 29 тамыз күні өтетін іс-шараға қатысуға шақырды.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 28 Тамыз, 2016
Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығының жай-күйі талқыланды

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10