Бүгін Астана қаласындағы «Отан Ана» алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті.
Іс-шараға Парламент Мəжілісінің депутаттары, ҚХА Аналар кеңесінің, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномəдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қауымы және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Шанаи аталмыш акцияның терең мағынасына, мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. «Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі аналық жүрегімен ақ орамалдарын ақ ниеті ретінде желбіретіп, Елбасымыздың бейбітшіл бастамаларын қолдау мақсатында «Ақ орамал» акциясын өткізуде», – деді ол өз сөзінде.
Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Нестерова мен жазушы Сауле Досжанова «Əлем.ХХІ ғасыр» манифесі мен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бейбітшіл бастамаларын қолдау туралы Аналар кеңесінің Қазақстан халқына үндеуін оқыды.
Іс-шара барысында мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Ақ орамал – ақ ниет» театрландырылған музыкалық қойылымы көрсетілді.
Айдар ӨРІСБАЕВ

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше