Қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні, сағат 23:00-де «Қазақстан» мен KazSport телеарналары тікелей эфирде Геннадий Головкин мен британиялық Келли Брук арасындағы жекпе-жекті көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттарында кездесудің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.
Жекпе-жек Лондондағы 20 мың адамға арналған «О2» спорт кешенінде өтеді.
Осы кездесуге дейін Головкин кәсіпқой боксшы ретінде шаршы алаңға 35 рет шығып, соның бәрінде жеңіске жеткен. Ол 33 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа жіберген. Ал оның қарсыласы Брук те ешқаша жеңілмеген. Брук Головкиннен бір кездесу артық өткізген. Демек, 36 рет рингке шығып, соның бәрін таза жеңіспен аяқтаған. Мұның ішінде 25 айқаста нокаутпен жеңген. Оның жасы 30-да болса, Головкин биыл 34-ке келді.
Геннадий Головкин – әуесқой бокста 350 кездесу өткізіп, 345 жекпе-жекте жеңіске жеткен. 2006 жылдан бері кәсіпқой бокспен айналысып келеді. Ол орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ал британиялық Келл Брук - IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған боксшы.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі
• 29 Тамыз, 2016
Телеарналар Геннадий Головкиннің жекпе-жегін көрсетеді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше