17 Қыркүйек, 2016

Елбасы бастамалары таныстырылды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
zhanar-aytzhanovaЖақында БҰҰ Қарусыздану конференциясының қорытынды пленарлық отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Қазақстанның қарусыздану және қауіпсіздік салаларындағы кейінгі бастамалары туралы мәлімдеме жасады. Қазақстан дипломаты қа­тысушыларды таяуда Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясында қабылданған Astana Vision декларациясының ба­сым­дықтарымен таныстырып өтті. Құжат БҰҰ Қарусыздану кон­фе­рен­ция­сының ресми құжаты ретінде тіркелді. Ж.Айтжанова Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев халық­аралық қоғамдастықты ядро­лық қауіпсіздіктің негізін құрайтын халықаралық шарттар мен институттарды әрі қарай нығайту бойынша міндеттемелерді қабылдауға ерекше назар аударғанын атап өтті. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның қызметі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталатынын айтты. Ж.Айтжанова қатысу-­­ шы­ларға осы жылғы қарашада Ас­танада өтетін Бірінші бейбітшілік саммиті бары­сын­да тұңғыш рет ядро­лық қару­сыздану және қауіп­сіздік сала­ларындағы іске қос­қан үлесі үшін Халық­ара­лық Назарбаев сыйлығы табысталатынын хабарлады. Жиналғандарды іс-шараға қатысуға шақырды. Қазақстанның Тұрақты өкілі сөзін қорытындылай келе конференцияға қаты­су­шы­ларды Корей Халық Демократиялық Рес­пуб­ликасының үстіміздегі жылғы 9 қыркүйекте жасаған ядролық сынағына қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесімен таныс­тырды. Құжатта Қазақстан КХДР-ды алтыжақты келіс­сөздерге оралып, ядролық кеудемсоқтықтан толықтай бас тартуға шақырады. «Егемен-ақпарат»