17 Қыркүйек, 2016

Депутаттық әдеп кеңесі құрылады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-04-nyrlanМәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Халық қалаулылары назарына халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қыз­ме­тін жалғастыру туралы келі­сімді ратификациялауға қатыс­ты заң жобасы ұсынылады. Қазіргі уақытта аталған орталыққа 38 мемлекет мүше. Қазақстан мүшелікке енген 21 жылдың ішінде орталық 200-ден астам қазақстандық жобаларды қаржыландырған. Оған 5000-нан астам отандық ғалым тартылған. Сонымен бірге, осы күні Тәжікстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялауға байланысты заң жобасы талқыланбақ. Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Ресеймен Бай­қоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы үкіметаралық келісімге өзге­рістер енгізу туралы хаттама­ны ратификациялайтын заң жобасын жұмысқа қабыл­дайды. Тағы бір атап өтерлігі – бюр­о отырысында Парламент Мә­жілісі Төрағасының жанынан Депутаттық әдеп кеңе­сін құру туралы қаулы қабыл­данды.