17 Қыркүйек, 2016

Ағылшын елшісі ислам дінін қабылдады

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-09-16-posol

Ұлыбританияның Сауд Арабиясындағы елшісі Саймон Коллис ислам дінін қабылдады жəне де қажылыққа барды. Бұл жөнінде британдық The Telegraph газеті хабарлады. Басылым айтқандай, Саймон Коллисқа дейін исламды қабылдап қажылық жасаған британ елшісі болмапты. 60 жастағы дипломат мұсылмандар арасында өткен 30 жылдан аса уақыт өмір осындай шешімге əкелгенін айтады. "Мен Худе атты сириялық əйелге үйлендім. Мұсылмандықты соның алдында қабылдаған едім" дейді Коллис.

Дипломат бұл жайды жария еткісі келмепті. Тек қажылық кезіндегі суреттері əлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін рас нəрсені терістеуді қажетсіз деп тапқан.

Дипломат қазір құттықтаулар қабылдап жатыр. Лебіз айтушылар арасында Сауд Арабиясын басқарып отырған династия адамдары да бар. Саймон Коллис 2007-2012 жылдар аралығында Сирияда елші болған. Башар Асад билігін сынағаны үшін елден шығарылды. Мұнымен қатар Таяу Шығыстың бірқатар елінде дипломатиялық қызмет атқарған.