19 Қыркүйек, 2016

Әр елде мектеп формасы қандай?

5351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мектеп формасы – тек оқушылардың жай ғана киімі емес, ол сол елдің мәдениеті мен дәстүрін де айшықтайтын көрініс. Ендеше әлемдегі елдердің мектеп формаларының түрлі болуы да заңды нәрсе. Ағылшын формасы – ескі үлгіде amer Британдық мектеп формасының стилі классикаға негізделген. Ортаңғы сынып оқушылары батыс стиліндегі ортодоксалды форма киеді. Ер балалар классикалық костюм мен галстук тағып, былғары бәтеңке киеді, қыздар да батыс стилінде киінеді. Кореяның формасы – джентльмендік үлгіде kor Ұлдар жағы ақ көйлек және батыс стиліндегі шалбарды кисе, қыздар ақ жейде, жәкет, қара юбка және галстук тағады. Жапония формасы – теңізшілер киіміне ұқсайды zhap Жапон оқушылары үшін мектеп формасы тек мектептің символы ғана емес, заманауи сәннің ағымы болып саналады. Тіпті, мектеп таңдаудың факторы болып та табылады. Сол себепті, мектеп формасын матрос костюмі деп атайды. Сондай-ақ, мектеп формасына анименің элементтерін қолданады. Малайзияның мектеп киімі – мұсылмандық үлгіде mal Малайзияда оқитындардың бәрі қатаң ережеге бағынады. Қыздардың көйлегінің етегі ұзын, тізесін жауып тұратын, ал көйлектің жеңі білекті жауып тұруы тиіс. Бұлардың мектеп формасы өте консервативті. Австралия - ұлдар мен қыздар формасында айырма аз av Австралия оқушылары (ер бала, қыз бала болсын) қара былғары туфли, ақ нәски киюі керек. Олар мектеп формасын барлық уақытта киіп жүреді екен. Тек дене шынықтыру пәні кезінде ғана ауыстырады. Бутан мектеп формасы өте қолайлы but Бутан оқушылары сөмке де, портфель де асынбайды. Олар барлық затын, кітаптарын киімдерінің ішіне салып арқалап келеді. АҚШ формасы – ең еркін стиль ameri Америка Құрама Штатында оқушылар үшін киім таңдауда шектеу жоқ. Олар мектеп формасын кию, кимеуді өздері шешеді. Оман формасы - ең ұлттық үлгі f_omani Оман оқушыларының мектеп формасынан ұлттық этникалық ерекшеліктері көрінеді. Оқушылар ғана емес, студенттер де ұлттық киімдер киеді. Ал студент қыздар орамал тартады. Таиланд формасы   tay Ең сәнді формалардың бірі бәлкім. Таиландтың барлық оқушылары мектеп формасын мектептен колледжде оқығанға дейін киюі тиіс. Бірақ, Таиланд студенттері денеге жабысып тұратын жейде мен қысқа етекті юбка киюге тырысады. Қытай формасы – спорттық үлгіде kit Қытайдың көптеген мектептерінде мектеп формасы тек мөлшерімен ғана ерекшеленеді. Ер бала мен қыз баланың мектеп формасында аса бір айырмашылық жоқ. Олар спорттық үлгідегі мектеп формасын киеді. Қазақстан – классикалық үлгіде kaz Ұл балалар ақ жейде, костюм, жәкет, қара туфли, қыздар жағы ақ жейде, жәкет, қара немесе сұр түсті юбка киеді. Дереккөз: http://www.novate.ru/blogs/210816/37705/ Дайындаған Жансая СЫДЫҚБАЙ