19 Қыркүйек, 2016

Елбасы Талдықорған оқушыларына сыйлық жасады

961 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Алматы облысында іс-сапармен жүрген Елбасы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Бұл туралы Егемен-ақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Елбасы «Нам Г.Н.» шаруа қожалығында болды Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауға маманданған кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне облыстың агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және қант қызылшасы өндірісін дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев қазір ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялауға деген көзқарастың өзгергенін атап өтті. – Менің шаруаларға айтып жүрген ой-пікірімнің барлығының негізгі түйіні – еңбек өнімділігін субсидиялау қажеттігі. Яғни, қаражат ең ақырғы өнім өндірісі үшін бөлінетін болады, – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев өңдеу кәсіпорнының аграрлық техникалары мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады. Соңында Елбасы өңірдің шаруаларымен әңгімелесіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Бұдан кейін Президент Текелі тау-кен өңдеу кешенінде болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасында болды Қазақстан Президентіне облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аурухана қызметкерлерімен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына қамқорлығы үшін Елбасыға алғыстарын айтты. 300 адам сиятын медициналық мекеме стационарлық, стационарды алмастыратын және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Көпсалалы аурухана жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған. Оқушылар сарайында болды Мемлекет басшысы биология, физика кабинеттерін, техникалық шығармашылық модельдері көрмесін, хореография залын, үлкен концерт залын аралап көріп, көркемөнер галереясындағы суреттер экспозициясымен танысты. Елбасы назарына ән және би өнері бойынша балалардың концерттік нөмірлері ұсынылды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Оқушылар сарайына келетін балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі. Соңында Мемлекет басшысы Оқушылар сарайына жайлы автобус тарту етті. Ғимараттың жалпы алаңы – 13 мың шаршы метрден астам. Мекеме инфрақұрылымы шеберхана, зертхана, көрме және мәжіліс залдарын, сондай-ақ музей, медиатека, дыбыс жазу студиясы мен обсерваторияны қамтиды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласының даму жобасымен танысты. Талдықорғанда биыл 12 көпқабатты тұрғын үй салынса, алдағы жыды тағы 14 үйдің құрылысы басталмақ. Сондай-ақ, болашақта қалада бірнеше әлеуметтік нысандар және 8, 9, 10 ықшам аудандар тұрғызылады. Бұл туралы Елбасына қала әкімі Бағдат Қарасаев әңгімеледі деп хабарлады Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Сейсенбаев. el oe rpaa elaelbra