Өткен демалыс күндері футболдан Қазақстан премьер-лигасының 27-туры ойындары ойналды. Көш басындағы «Астана» сырт алаңда «Ақтөбеден» 2:1 есебімен басым түссе, оның басты қарсыласы «Қайрат» Алматыда дәл осындай есеппен Павлодардың «Ертісін» жеңді.
Жалпы, соңғы жылдары ел чемпионатында «Астана» мен «Қайраттың» мерейі үстем болып тұр. Бір кездері айдарынан жел ескен «Ақтөбе» командасында бүгінде бұрынғыдай мінез жоқ. «Ертіс» пен «Тобылдың» да көрсетіп жүрген қайраты шамалы. Сол себепті, отандық жанкүйерлер көбіне «Астана» мен «Қайраттың» ойындарына ерекше мән беріп, қызығушылық танытып келеді.
Сонымен, болгар маманы Станимир Стойловтың шәкірттері кезекті рет чемпиондық атақтарын қорғап қалуға жақындай түсті. «Ақтөбемен» болған ойында тізгінді бірден қолдарына алған чемпиондар 11-минутта конголық легионер Жуниор Кабананганың көмегімен есеп ашты. Ал екінші таймда алаң иелері жинақылық танытып, жүйелі ойнай бастады. Нәтижесінде 66-минутта Егор Сорокин таразы басын теңестіріп кетті. Әр ойынға шешуші матч ретінде қарайтын «Астана» үшін бұл есептің көңіл көншітпейтіні белгілі. Сондықтан, елордалықтар қарқындарын күшейтіп, тайлы-тұяғымен шабуылға шықты. Бұл ойын тактикасы 87-минутта өз жемісін беріп, қорғаушы Марин Аничич жеңіс голын соқты. Осы жеңістен кейін «Астана» 62 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Бұл турда жеңіске жеткен «Қайрат» командасы да әзірге чемпиондықтан үмітін үзген жоқ. Өз алаңында «Ертісті» қабылдаған алматылықтар 23-минутта алға шықты. Голдың авторы – чемпионаттың үздік мергені Жерар Гоу. Кездесудің 78-минутында «Ертіс» сапынан Шота Григалашвили нәтижелі соққы жасап, есепті теңестірді. Алайда, арада бар болғаны 3 минут өткенде, «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан мергендігімен көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, Кахабер Цхададзенің шәкірттері қоржындарындағы ұпай санын 58-ге жеткізді.
Бірінші алтылықтың тағы бір кездесу Шымкенттің «Ордабасы» мен Көкшетаудың «Оқжетпесі» арасында өтті. Бұл ойында шымкенттіктер 1:0 есебімен жеңіске жетіп, 43 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Премьер-лигада қалу үшін тер төгіп жүрген екінші алтылықтың ойындары да тартыспен өтуде. Әсіресе, Оралдың «Ақжайығы» қарсылас шақ келтірер емес. Бейнебір маусым соңында екінші тынысы ашылғандай әсер қалдырады. Қатарынан бесінші рет жеңіске жеткен команда ең соңғы орыннан жоғары көтерілді. Бұл жолы оралдықтардың «құрбаны» болған команда – «Атырау». Батыс дербиінде «Ақжайық» қонақта 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Тур барысында жанкүйерлердің назарын аударған келесі матч Талдықорғанда өтті. Соңғы минутқа дейін жеңіп тұрып, төреші қосқан қосымша уақытта ғана қақпасына екі доп жіберіп алған жергілікті «Жетісу» Қарағандының «Шахтеріне» есе жіберді. Ал сырт алаңда Қостанайдың «Тобылынан» 1:3 есебімен жеңілген «Тараз» турнир кестесіндегі соңғы орынға сырғуға мәжбүр болды.
Еламан ҚОҢЫР,
Журналист

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46