Кеше Қазақстанның волейболдан қыздар құрамасы Вьетнамда өтіп жатқан Азия Кубогының жартылай финалында Жапония командасын 3:1 етіп жеңіп, өзінің тарихында тұңғыш мәрте осы жарыстың финалына шықты. Сөйтіп, Күншығыс елі бойжеткендерінен топтық кезеңдегі жеңілісінің есесін қайтарып қана қоя салмай, алғаш рет алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.
Бас жаттықтырушы Вячеслав Шапранның шәкірттері бұл кездесуде үлкен жігер мен табандылық танытты. Олар матчтың бірінші партиясында қарсыластарынан 19:25 есебімен ұтылса, келесі үш партияны түгелдей 25:11, 25:21, 25:16 деген есептермен өз пайдаларына шеше білді.
Келесі жартылай финалдық жұпта Қытай қыздары таиландтық құрбыларынан 3:2 есебімен басым түсіп, финалдық дуэттің екінші сыңарын құрады.
Біздің қыздар мұның алдында алаң иелері – Вьетнам жасағын 3:0 етіп тізе бүктірген болатын. Ал топтық іріктеу ойындарында Жапониядан жеңіліп (1:3), Корея (3:0) мен Қытайды (3:2) ұтып, 5 ұпаймен үшінші орын алған еді.
Еске сала кетейік, қыздар командалары арасындағы Азия кубогы 2008 жылдан бері екі жылда бір рет ойналып келеді. Оған құрлықтың 8 күшті командасы қатысады. Турнирде 2008, 2010, 2014 жылдары – Қытай, ал 2012 жылы Таиланд құрамасы бас бәйгені жеңіп алған еді. Қазақстандықтар 2012, 2014 жылдары қола жүлдегер атанған.
Финалдық кездесу бүгін ойналады.
Руслан ИГІЛІК

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46