Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Бас редакторлар клубымен бірлесіп үстіміздегі жылдың мамыр-шілде айларында «Қазақстан халықаралық БАҚ көзімен» атты үшінші конкурс ұйымдастырған болатын. Байқауға ұсынылған 60 ұсынымның ішінен Франция, АҚШ, Түркия, Иордания және Ресейдің өкілдері болып табылатын бес журналист жеңімпаз атанды.
Министрлікте марапатталған «The Huffington Post», «The Washington Times», «The Jordan Times», «Еничаг» газеттерінің тілшілері көрікті Бурабай аймағында қонақта болып, Қазақстанның інжу-маржандарының ғажайыптарымен танысты. Олар ел мақтанышына айналған бес жұлдызды «Rixos Borovoe» отеліне орналастырылды.
Сапар барысында Ақмола облыстық туризм басқармасы «Бурабай – Қазақстанның інжу-маржаны» аталатын ақпараттық-жарнамалық тур ұйымдастырды. Сондай-ақ, шетелдік журналистер «Бурабай-Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Визит орталығын», Бурабайдағы табиғат музейін, «Абылай хан мемориалдық-танымдық алаңын» аралап, мәдени-сәулет кешенінің, «Абылай хан ордасы» экспозициялық көрме залының, «Айнакөл» және «Әлем» отельдерінің қонақжайлық рәсімдеріне куә болды.
Қонақтар Бурабай аймағын салт жүріп саяхаттаудағы, қымыз бен ыстық бауырсақтан дәм татқандағы әсерлерін ризашылықпен айтып жатты. Әрдайым жұмыс барысындағы журналистер қайталанбас табиғат көріністерін суретке түсіріп, жергілікті тұрғындармен емен-жарқын сұхбат жүргізді. Олар Қазақстанның туристік әлеуетіне жоғары бағасын берді.
Сапар соңында Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов пен делегация жетекшісі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айман Төребекова қонақтарға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнайы дайындалған қазақстандық бренд – ағаш ыдыс жиынтықтарын сый-сияпат ретінде ұсынды. Бұған қоса, байқаудың жеңімпаз журналистері әлемнің 100 мемлекетінен ресми өкілдер қатысатын көрмеге шақыру билеттерімен марапатталды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46