«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Жастар кадрлық резерві» атты мансаптық сатыға көтерілуге құштарлығы бар, жоғары кәсіби басқарушылық қасиетіне ие жастарға арналған дәстүрлі жобаның тетігі іске қосылған еді. 7 жыл ішінде жобаға 13 мыңнан астам азамат қатысыпты. Жобаны жүзеге асыру кезінде 404 үміткер ашық іріктеу мен тестілеуден, оқу модулі мен кәсіби біліктілік бағалауынан, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардан тағылымдамадан өтті.
Ал биылғы жылғы тіркеу 15 тамыздан басталып, 31 тамызда аяқталған жобаға қатысуға еліміздің барлық аймағынан 1215 үміткер ниет білдіріпті. Жобаның негізінде кадрлық резервті құруға арналған тиімді жүйені қалыптастыру, басқару кадрларын іріктеу, дайындау және оқыту жүзеге асырылады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 691 кандидат жобаның «Сұхбаттасу» кезеңіне шақырылды.
Кеше аталған жобаның екінші кезеңіне өткен 20 үміткермен сұхбат жүргізілді. Олардың арасында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев, «Жастар кадрлық резерві» жобасының үйлестірушісі Әнуар Жақыпов, Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті әлеуметтік басқармасының басшысы Алмагүл Қайырлықызы, «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалының төрағасы Серғазы Шақабаев, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ербол Рыспаев, жас бизнесмен Бақтияр Әшіров, «Жастар кадрлық резерві 2014» жобасына қатысушы Әлия Әділханқызы бар.
Бұл күні сұхбаттасу кезеңінен сүрінбеген үміткерлер «Білім беру» кезеңіне өтті. Жобаның қорытынды нәтижелері (www.rezerv.kz) сайтында жарияланады.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46