Баршамызға мәлім, 2016 жыл ЮНЕСКО тарапынан әлемдік деңгейде халықаралық «Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жарияланды. Осы атаулы оқиғаға орай, Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы қазақстандық өнерсүйер қауымға үлкен тарту жасады. Түрік мәдениет орталығы, Түркияның Қазақстандағы елшілігі және Қазақ ұлттық өнер университетінің қолдауымен әлемге танымал түрік пианисі Тулуйхан Уғурлу Ясауи бабамызға арнап жазған шығармаларын пианинода орындап, Қазақстанда алғашқы концертін өткізді.
Жалпы, екі концерт жоспарланса, оның алғашқысы кеше Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» ғимаратында өтті. Ал екіншісі 22 қыркүйекте бабамыздың туған жері – Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткізілмек.
Кеш шымылдығын Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина ашты. Содан соң аталған өнер ордасының проректоры Тұрар Әліпбаев ректор Айман Мұсақожаеваның атынан арнайы ақжарма тілектерін ақтарып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзят Уянык талантты пианист Тулуйхан Уғурлудың Қазақстанда тұңғыш рет тұсауын кескелі отырған шығармасына аз-кем тоқталып, елорда тұрғындары мен қонақтарына түрік халқы атынан ыстық ықыласын білдірді және жүрекжарды сәлемін жолдады.
Айта кетейік, Тулуйхан Уғурлу 1965 жылы 15 қарашада Ыстанбұл қаласында туған. Төрт жасынан бастап Ыстанбұл консерваториясының пианино бөлімінде оқыған. 7 жасында мемлекет тарапынан ашылған «Талантты балалар сынағын» тапсырып, жоғары музыка білімін шетелде жалғастыруға мүмкіндік алған. Лицей және консерваториядан кейін білімін Вена музыка академиясында тәмамдады. Академияның магистратурасында оқып жүріп, шығармашылық өмірінде ең маңызды шешімін қабылдаған, яғни классикамен қоштасып, тек өзінің шығармаларын орындай бастаған.
Тулуйхан Уғурлу елордалық көрермендерге өнер көрсетер алдындағы көңіл толқынысын былайша жеткізді: «Жырақта бір ғұламаға арнап шығарма жазасыз және оны сол ғұламаның туған жеріне барып орындайсыз. Бұл дегеніңіз – сөзбен жеткізіп айта алмайтын бақыт! Қазақстан, Ясауидің туып-өскен жері, сондықтан Түркістан және Шымкент мен үшін өте қымбат, қасиетті орындар. Бұл жерлерді барып көру борышымыз, міндетіміз. Жалпы, ғұлама бабамызға арнаған шығармамды ол туған жерге орындау мені қатты тебірентеді».
Тулуйхан Уғурлу дәл қазір өз елінде қалыптасқан айтарлықтай күрделі кезеңде Түркияға қолдау білдірген, іші мен сырты бірдей, сөзіне берік бауырлас ел – Қазақстанда өнер көрсету өзін ерекше бір қуанышқа бөлейтінін айта келе, Ясауидің философиясына қатысты көзқарасын былайша түйіндеді:
«Ағартушылық үдерісі алдымен бізде, ал Батыста бізден кейін бастау алды. Яғни, елдің түсінігіндегідей әлем Ренессанс дәуірінен бастап қайта жаңғырып өрлемеді. Әлем Азиядан Анадолыға, Анадолыдан Балқандарға қарай шашыраған сәулемен түледі, өрледі. Ахмет Ясауи түркі халықтарына ең қарапайым және ең дұрыс жолмен Исламды танытты. Ясауи жолы Селжук мемлекеті мен Осман империясының негізгі идеясына арқау болды. Сондай-ақ, өзінен кейінгі білім және дін адамдарының көшбасшысы бола білді. Селжук және Осман империясының даналығы, күш-қуаты мен жетістігінің түп негізі Ясауи жолымен сусындауында жатыр. Сондықтан, бұдан былай ең алдымен өз төл құндылықтарымызды қайтадан ұлықтап үйренуіміз керек деген ойдамын. Бұл ұзын жолда атқарылатын қыруар іс бар. Оның іргетасы мен түп қазығының бірі – Қожа Ахмет Ясауи».
Иә, Ясауи мың жыл бұрын қалдырған пікірлерімен әлі күнге дейін арамызда, біздерді ойға жетелейді. «Ойлану және еңбек ету ғибадат».
Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА,
журналист
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ
• 21 Қыркүйек, 2016
Әйгілі түрік пианисі Қазақстанда алғаш рет концерт қойды

Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01