Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең болмасы анық. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Арал ауданындағы елдімекендердің бірінен XVI ғасырдың соңғы ширегінде ғұмыр кешкен, ұлт бостандығы жолында сексен жастан асқанша ат үстінен түспеген Айдарбек батыр Өрісұлының ақ сауыты табылды. Төрт ғасырдан астам уақыт бойы атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа асылдың көзіндей, ақиқаттың өзіндей болып жеткен батыр баба сауыты қазір Арал қаласындағы ұрпақтарының бірі, зейнеткер Жеткерген Нұрғабыловтың қолында сақтаулы екен. Ол кісінің айтуынша, таза болаттан жасалған тор көзді бұл сауыттың салмағы 10 кило. Бұрын үлкен болған екен. Уақыт тезіне шыдамай етек тұсы қиылып, ептеп бүлінсе де міні құрымай бүгінге жеткен сауыттың ел тарихының бір бөлшегі екені ақиқат. Тек зерттеушілері табылып, ежей-тегжейлі сараптаса, нұр үстіне нұр болар еді.
Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұрпақтары батыр рухын ұлықтау мақсатында ат үстіндегі еңселі ескерткішін асқақтатып, тарихи-танымдық кітап шығарды, ат шаптырып ас берген болатын. Енді міне, батырдың төрт жүз жылдан астам уақыт бойы сақталып келген ақ сауыты табылып өшкеніміз жанғандай болды. Бұл жас ұрпақты отаншылдыққа, ерлікке, елдікке баулитын нағыз құнды жәдігер екені даусыз.
Алдағы уақытта батыр баба сауыты жергілікті мұражайларға сақтауға тапсырылатын болады. Сөйтіп, өткен ғасырлардан жеткен баға жетпес мұра көпшілік көзайымына айналмақ.
Толыбай АБЫЛАЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
ҚЫЗЫЛОРДА

Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01