Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Шыңғыстау» сурет галереясы ашылды. Галерея осы зерде ордасында жинақталған туындылар негізінде жұртшылық назарына ұсынылып отыр. Шыңғыстау – қазақ халқының ұлы перзенттері Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтің туған жері. Еуразия құрлығының кіндік тұсы саналатын Шыңғыстау өлкесінде үш алыптың дүниеге келіп, сөз өнерін әсемдік биігіне көтеруі – адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс. Міне, галереяда осынау қасиетті Шыңғыстау өңірінің табиғаты мен тарихи жерлері Абай қорық-мұражайы қорында жинақталған жергілікті қылқалам шеберлерінің туындылары арқылы көрсетіледі. Сурет көрмесінде белгілі өнер иелері М.Әлиакпаров, М.Беляев, Ғ.Макаров, Н.Өтепбаев Т.Байғалиев, Т.Татиев және тағы басқа суретшілердің 100-ден астам туындылары қойылған.
– Әсіресе, халқымыздың сурет өнеріндегі мақтанышы Әбілхан Қастеевтің жауһар туындылары Абай музейіне келушілердің ерекше қызушылығын тудырады деп сенеміз. Әйгілі қылқалам шеберінің музей қорында 12 туындысы сақталған болса, соның бірі – «Жас Абай» суреті де келушілердің көзайымына айналды, – дейді музей әкімшілігі.
Сурет галереясының бір ерекшелігі – қылқалам шеберлерінің туындылары музейдегі Абай өмірі мен шығармашылығын паш ететін бөлімдердің мазмұнын тереңірек аша түсуге көмектеседі. Мәселен, «Жаз» залының маңдай алдындағы қылқалам шеберлерінің туындылары Шыңғыстау өңірінің табиғатын алдыңызға жайып салса, «Үш қайнар бұлақ» экспозициясындағы суреттер ұлы ақын шығармаларының терең тамырларымен үндеседі.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
СЕМЕЙ

Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01