Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Егемен-ақпарат хабарлады.
Әңгімелесу барысында «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды.
Жоғарғы сот төрағасы ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты барлық он қадамы орындалғанын айтты. Ұлт жоспарында көзделген реформалар республиканың сот құрылымын және сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге зор серпін берді. Сот сатыларын оңтайландыру сот төрелігіне қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетуге, соңғы шешімді қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызды.
Қайрат Мәми 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар бес сатылықтан үш сатылық сот төрелігі жүйесіне көшкенін хабарлады.
Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы инвестициялық дауларды қарайтын Жоғары соттың мамандандырылған алқасы мен Астана қалалық сотының мамандандырылған құрамы, сондай-ақ Жоғары сот жанынан құрылған Халықаралық кеңес толыққанды қызмет атқарып отырғанын мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы сот жүйесінің жұмысын одан әрі жетілдіру және судьялардың VII съезін өткізуге дайындық жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Егемен-ақпарат

Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01