Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында босаңсуды көтермейтін бір мәселе – ол жұмыссыздықпен күрес, өңір тұрғындарын еңбекпен қамтамасыз ету екені түсінікті. Осыны ескерген облыс әкімдігі осы бір әлеуметтік шетін мәселені ұдайы бақылауда ұстап келеді.
Елбасы тапсырмасына орай, осы мақсатқа көзделген бюджет қаржысы игеріліп, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен пайдалануға баса назар аударылуда. Кешенді жоспарға сәйкес, үстіміздегі жылы еңбекпен қамтылуы тиіс 19 262 адамның қазірдің өзінде 18 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылған. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 1132 ақтөбелік 152 жобаны жүзеге асыруға жұмылдырылып, 5201 адам жаңа жұмысқа орналастырылған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасының аясында өңірге 7,2 млрд теңге бөлініп, 4,2 млрд теңге игерілген. 1000-нан астам ауыл тұрғындары кәсіпкерлікті дамытуға арналған 3 млрд теңге несиені пайдаланды. Жергілікті бюджет есебінен 1300-адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 1349-ы жастар тәжірибесіне, 6627 уақытша қоғамдық жұмыстарға, 34-і қайта даярлауға тартылды.
Биыл 30-дан астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 838 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 898 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, 191 адам жастар тәжірибесімен, 2015-і әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19