Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ұйымдастыруымен елімізде кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасына қатысты дөңгелек үстел өтті. Оған кинематографшылар, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым мен өнер саласындағы зиялы қауым қатысты.
Шарада «Қазақстан Республикасындағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы жобасы» талқыланды. Іс-шара барысында Қазақстан кинематографиясын 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын жете әрі толық талқылау, кино түсірілімнің көлемін арттыруға қарайласу мәселелері, кино өнерінің дамуын қолдау және жоғары сапалы кино туындыларды түсіру, кинотеатрлар желілерін көбейту және жетілдіру, кино саласы экономикасының өсуі және қазақстандық кино өнімдердің инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды.
Дөңгелек үстел отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының қабылдануы еліміздегі кино өнері ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болатындығын баса айтты.
«Еліміздің Тәуелсіздік жылдары ішінде мұндай тұжырымдама алғаш рет әзірленіп отыр. Егер біз кино туралы жеке заң қабылдай алсақ, өте қуанышты оқиға болады. Онда өнердің осынау түріне қатысы бар барлық қызмет түрлері жазылар еді. Бұл біз үшін өте маңызды. Бізге кино туралы жеке заң аса қажет. Мен бұл мәселеге түсіністікпен қараған біздің эксперттік қоғамдастыққа ризамын. Себебі, бұл – қарапайым мәселе емес. Бүгінде біз Франция, Ресей және басқа да елдердің кинематография туралы заңдарын зерделедік», – деді ол.
Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлы бүгінгі күні елімізде мәдениет туралы өте жақсы заң қабылданғанын, онда кітапхана ісін, музей ісін, кинематографияны және басқа да салаларды дамыту тетіктері жан-жақты көрсетілгенін еске салды.
«Егемен-ақпарат»

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19