Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 27-қадамында көзделген жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту және мемлекеттік сот орындаушылары қызметін кезең-кезеңімен қысқартуды қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Осы тұрғыдан келгенде елордада өткен «Сот актілерін орындауды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету және жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту» тақырыбында халықаралық конференцияның өтуі де заңдылық.
Аталған шараға Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар өкілдері және бірнеше шет мемлекеттен келген халықаралық сарапшылар қатысты. Құттықтау сөзінде Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров былай деді: «Азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру сот актісін орындаудың қисынды аяқталуы болып табылады. Процесті ұтқан және өз құқығын сот тәртібімен қорғаған адамдар үшін сот шешімін орындаудың соңғы нәтижесі маңызды. Әрбір орындалмаған сот шешімі бүкіл сот жүйесі жұмысының тиімділігіне қатысты әділдіктің салтанат құратындығына күмән келтіреді. Сот беделі оның шешімдерінің мүлтіксіз орындалуымен құнды Ал сот беделінің ар жағында мемлекет беделі тұр».
Жеке сот орындаушыларының құзыретіне мемлекет мүддесі үшін іске асырылатын қоныс аударту, бұзу, жер учаскелерін алып қоюға қатысты кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, орындау құжаттарының неғұрлым көп екендігі де ерекше аталды. «Сонымен бірге, мемлекет жеке сот орындаушылары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі қажетті шараларды жасауда, жеке деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылықты сөзсіз белгілей отырып, жеке сот орындаушыларының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуі де осындай мақсатты көздейді», деді Бектас Әбдіханұлы. Төраға орынбасары бұл ретте жеке сот орындаушылары олардың қызметінде коллекторлық ұйымдардың жағымсыз жұмыс тәсілдерін қолдануға болмайтынын есте ұстауы тиістігін де ескерте кетті.
Қазіргі кезде елімізде 1286 жеке сот орындаушысы жұмыс істеуде. Жеке сот орындаушылары институтының құрылғалы бергі бес жыл ішінде айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізілген. 2016 жылғы мәлімет бойынша бүгінгі таңда жеке сот орындаушылардың өндірісінде құны 1,9 триллион теңге болатын бір жарым миллионнан астам атқару құжаты бар екен. Оның басым бөлігі банк пайдасына өндіруге қатысты. Ал атқару құжатының 70 пайызы мемлекет мүддесіне өндірумен байланысты.
Биыл Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының Халықаралық сот орындаушыларының одағына мүшелікке қабылданып отырғаны белгілі. Осы тұрғыдан отырыста Халықаралық сот орындаушылар одағының президенті Франсуаза Андрие ханым сөз алып, Ұйым құрамында 88 мүше ел бар екендігін тілге тиек ете кетті.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
• 24 Қыркүйек, 2016
"Шешімдер орындалғанда ғана сот беделі артады"

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32
Ана мәртебесі: Тәрбие бесігінен кәсіпкерлік шыңына дейін
Қоғам • Бүгін, 12:18
Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13