«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Балапан» телеарнасының алты жылдық белесіне орай балаларға арналған мерекелік шара өтті.
«Балапан» телеарнасына тура алты жыл толып отыр. Отандық жалғыз балалар арнасының осы жылдарда кішкентай көрермендер көңіліне жол тапқаны анық. Ата-әжелеріне сериал көрсетпей, «Балапанға қоямын» деп пультке таласатын ботақандар соның айғағы. Біздің әрқайсымыздың балапандарымыз телеарна ұсынып жүрген «Әли мен Айя», «Сәлем, Астана!», «Көжектер», «Данышпан қарға» сынды отандық мультхикаяларды жақсы көреді. Телеарнаның «Алғыр алтау», «Ойлан, тап!», «1000 түрлі сұрақ» бағдарламалары да балалардың ойлау көкжиегін кеңейтеді, шапшаңдыққа баулиды деп есептейміз.
«Балапанның» туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Мерекелік шараның алғашқы бөлімінде бүлдіршіндер «Сәлем, Астана!» мультхикаясының әнін орындап, сайысқа түсті. Темір тұлпарды тізгіндеген 6 балғын шабандоздық қабілеттерін сынап көрді.
Одан соң «Ойлан, тап!» бағдарламасының жүргізушісі Риза Данияр сайқымазақ бейнесіне кіріп, кішкентай көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Балдырғандар цирктен әкелінген маймылдың да өнеріне тәнті болды.
Мерекелік шара барысында «Балапанның» үздік көрерменін анықтау мақсатында үлкен экран арқылы кейіпкерлерді табу тапсырылды. Кейіпкерлер ішінде «Көжектер» мультхикаясындағы Үркек, «Джунгли кітабындағы» Балу, «Айжұлдыздағы» Төре мен Зере, Әли мен Айя, Майялар балаларға жасырылды.
«Балапанның» кішкентай көрермендерге дайындаған тартуының бірі –лотерея ойыны. Бұл тек балақайлар үшін емес, ата-аналар үшін де қызықты ойын болды.
«Балапанды» туған күнімен құттықтауға келген «Нұрсәулемай-Еркетай», «Қарақат» студиясының балдырғандары жиылған көпшілікке өнерлерін тарту етті.
Айта кетейік, мерекелік шарада сиқыршылар өнер көрсетті. Шараны барлық балалар тікелей эфир арқылы тамашалады. Сондай-ақ, алматылық балақайлар тікелей эфир арқылы «Балапанға» тәтті тілектерін арнады. Мерекелік шара «Балапанның» әнұранымен қорытындыланды.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ,

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30