Плис Нұрпейісов. Оқушы кезімізде аудандағы мектептер арасында өтетін түрлі шараларға қатысатынбыз. Сонда П.Нұрпейісов атындағы орта мектептің өрендерімен талай мәрте жүздескенбіз. Кейінірек Плистің біздің Тақтакөпір ауданынан шыққан Кеңес Одағының Батыры екенінен хабардар болдық.
Екінші дүниежүзілік соғыста Қарақалпақстаннан, яғни жергілікті халық жалпақ тілмен Бесқала атап кеткен өңірдегі қалың қазақтың бес перзенті Кеңес Одағының Батыры атанған-ды. Олар – Плис Нұрпейісов, Жұман Қарақұлов, Мақаш Балмағамбетов, Жұмағали Қалдықараев және Іният Наурызбаев.
Өткенді еске алуға қолымызға тиген журналист-жазушы Көлбай Адырбекұлының «Жүрек жұтқан» атты деректі шығармасы себепкер болды. Плис Нұрпейісов туралы алғашқы туынды 1954 жылы Аман Оразовтың «Ауыр күндер» деген атпен қарақалпақ тілінде жарық көрген еді. Ол шығармадан қазақстандық оқырмандар бейхабар, әрине. Содан бері қаншама жыл өтті, Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді, құндылықтар өзгерді. Кешегі кеңестік идеология ықпалымен жазылған шығарма бүгінгі оқырманның қажетін өтей алмайтыны тағы белгілі. Сол себепті Көлбай Адырбекұлының қаламынан туған қаһарман ұшқыш туралы деректі хикаят осы олқылықтың орнын толтырды деп айтуға әбден болады.
Кітап авторының батыр туралы жазуға деген ұмтылысы кездейсоқ кездесуден туындайды. Редакциядағы шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Өтеш Ақхожинге бейтаныс қария келіп жүреді. Өтеш журналиске Жүсіпбай Нұрпейісовтің Кеңес Одағының Батыры Плис Нұрпейісовтің туған інісі екенін айтады. Қаламгердің батыр туралы шығармаға кірісуіне осы оқиға түрткі болады.
Шығарма авторы ұшқыштың інісі Жүсіпбай ақсақалмен болған әңгімені оқырманға айшықты да әсерлі етіп жеткізе біледі. Плистің бала кезінен-ақ өткір мінезі, намысқойлығы, әділеттілік үшін күресі қызықты оқиғалар арқылы өріле отырып нанымды суреттеледі.
Қарақалпақ мемлекеттік мұғалімдер институтының физика факультетін тәмамдаған Плис кейіннен Украинаның Запорожье облысына қарасты Мелиотополь әскери-әуе училищесіне оқуға қабылданады. Әскери ұшқыш-штурмандар даярлайтын училищені аяқтауына бір жыл қалғанда соғыс басталып, майданға аттанады. «Пе-2» бомбалаушы ұшағын тізгіндеген Плис Сталинград бағытына қарай беттеген фашистердің шабуылын тойтаруға қатысады.
Елдегі бауырлары Жүсіпбай мен Әметбайға жолдаған хаттарында Плис: «Егер өлімнен қорықсаң, авиацияда көп өмір сүрмейсің» деп жазады. Оның ерлігі өмір сүруге деген құлшынысының белгісі еді. 1945 жылдың 26 наурызында П.Нұрпейісов экипажына Берлин маңындағы жаудың екі аэродромына барлау жасау тапсырылады. Бұл тапсырманы қалтқысыз орындап, қайтар жолда жеке өзінің бастамасымен Берлиннің орталығына ұшады. Фашист истребительдерінің шабуылынан оңай сытылып шығып, әскери ко мандованиеге жаудың қарулы күштері жөнінде құнды мәліметтерді жеткізеді. Сөйтіп, фотосуретке түсіру арқылы 279 темір жол эшелонын, 10338 вагон мен платформа, 50 паравоз, 5796 автокөлік, 11 аэродромдағы 422 ұшақ, сонымен қатар, Берлин қаласы мен сол маңдағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін анықтап береді. Осы ерлігі үшін полк командованиесі 1945 жылы 5 сәуірде П.Нұрпейісовті ең жоғарғы үкімет наградасы – Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынды.
Қазақтың қаһарман ұлы кезекті тапсырма кезінде 1945 жылдың 23 сәуірінде ерлікпен қаза табады. 1945 жылы тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің штурман-ұшқыш Плис Нұрпейісовке Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлығы «Правда» және «Известия» газеттерінде жарияланған. Журналист-жазушы Көлбай Адырбекұлының жүрек жұтқан ұшқыш туралы деректі хикаяты өскелең ұрпақты ерлікке баулитын шығармалар шоғырына қосылған қомақты үлес екендігі сөзсіз.
Аталған кітаптың келесі бөліміндегі Екінші дүниежүзілік соғыста Бухенвальдта азаптың неше атасын басынан өткізген, Сібірде он жылға жуық тозақтың дәмін татқан Зекен Темірғалиевтің тағдырына арқау болған «Тамұқ» шығармасы трагедияға толы. Адам баласының жауыздығында шек жоқ екендігін суреттей келіп автор, қалам құдіретінің арқасында адам баласының төзімі де шексіз екендігін түсіндіреді.
«Тамұқ» – Зекен Темірғалиевтің талайлы тағдыры ғана емес, танымал ақын Хамза Абдуллин мен атақты скрипкашы Айткеш Толғанбаев сынды нақақтан сотталған қазақтың өрелі перзенттерінің де өмірі. Шығарманы оқи отырып адам баласын азаптаудың неше түрлі амалына жүгінген кеңестік жүйені әсте ақтап алу мүмкін еместігіне әбден көзің жетеді. Кеңестік кезеңде қазақтың қайсар перзенттерінің талайы тамұқ құрбаны болғанынан хабардар боласың. Азаттық алған еліңнің асқақтығына тәубе етесің. Журналист-жазушы Көлбай Адырбекұлының «Жүрек жұтқан» атты кітабынан осындай ой түйдік.
Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30