БҰҰ Бас хатшысы қызметінен кетіп жатқан Пан Ги Мун келесі жылдың соңында өтетін Оңтүстік Корея президентінің сайлауында өз кандидатурасын ұсынуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Бұған қатысты шешімді 2016 жылдың соңында Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы лауазымындағы мерзімі аяқталып, өз еліне оралғаннан кейін қабылдамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
«Кореяда (Оңтүстік) көптеген адам ел болашағын жақсы ету үшін өз кандидатурамды ұсынатынымды күтуде, мен оны сеземін», - деді ол. Пан Ги Мун Оңтүстік Кореяға қаңтар айының ортасында қайтатынын атап өтті. «Содан кейін Кореяның (Оңтүстік) болашағында қандай рөл ойнай алатыным жөнінде маған жақсы кеңес бере алатын достарыммен, құрмет тұтатын адамдарыммен ақылдасатын боламын.Барлық нұсқалар ашық күйінде қалуда», - деп қосты ол.
Reuters-тің атап өтуінше, егер Пан Ги Мун президенттік кресло үшін сайлауға түсу шешімін қабылдаса, ол билік басындағы «Сэнури» партиясы атынан қатысатын болады. Оңтүстік Кореяда қыркүйек айында өткізілген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 32,7 пайызы Пан Ги Мун үшін дауыс беруге дайын. Оның ізін ала 17,3% дауыспен оппозициялық саясаткер Мун Чжэ Ин мен 8,1% дауыспен Ан Чхоль Су келеді.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы сыртқы істер министрі Пан Ги Мун БҰҰ бас хатшысы қызметін 2007 жылдан бері атқарып келді.
• 22 Қазан, 2016
Пан Ги Мун Оңтүстік Корея президенттігі үшін сайлауға түсуі мүмкін

Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Білім • Кеше
Қазақстанда жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды
Экология • Кеше
Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді
Мәдениет • Кеше
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Экономика • Кеше
Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды
Президент • Кеше
Ақтөбеде облысында құралайларға GPS сырға тағылды
Экология • Кеше
Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды
Президент • Кеше